Мәдениет

Ержан Максим "Балалар Евровидениесі 2019" байқауында екінші орын алды – видео

© Photo : Агентство "Хабар"Ержан Максим на церемонии открытия Детского Евровидения
Ержан Максим на церемонии открытия Детского Евровидения - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Грузия, Беларусь, Уэльс, Украина, Польша, Нидерланды және Сербия өзінің ең көп 12 балын Қазақстанға берді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Польшаның Гливице қаласында өткен "Балалар Евровидениесі" музыкалық шоуында осы елдің өкілі Виктория Габор жеңімпаз атанды. Қазақстандық Ержан Максим екінші орынды иеленді.

Грузия, Беларусь, Уэльс, Украина, Польша, Нидерланды және Сербия өзінің ең көп 12 балын Қазақстанға берді. Қазақстан өз дауысын польшалық қатысушыға берді.

Ержан конкурсқа қатысушы елдердің кәсіби әділ-қазыларының ең көп дауысын алып, жеңімпаз атанғанына қарамастан, онлайн дауыс беру жағдайды түбегейлі өзгертті. 

© Кадр видео Junior Eurovision Song Contest 2019 - Live Stream"Балалар Евровидениесінің" қорытындысы
Ержан Максим Балалар Евровидениесі 2019 байқауында екінші орын алды – видео  - Sputnik Қазақстан
"Балалар Евровидениесінің" қорытындысы

Тарихта алғаш рет бір ел қатарынан екі мәрте жеңімпаз болды. Виктория Габор "Superhero" әнін поляк және ағылшын тілінде шырқады.  

© Photo : EBU / Junior Eurovision / Thomas Hanses "Балалар Евровидениесі 2019" жеңімпазы Виктория Габор
Ержан Максим Балалар Евровидениесі 2019 байқауында екінші орын алды – видео  - Sputnik Қазақстан
"Балалар Евровидениесі 2019" жеңімпазы Виктория Габор

Үздік үштікті испаниялық Мелани Гарсия "Marte" (Марс) әнімен түйіндеді. 

Ержан Максим "Балалар Евровидениесі" байқауында Armanyńnan Qalma әнін орындап, Қазақстанды жоғары деңгейді таныстырды.

Әншіні сахнада би балеті сүйемелдеді. Ал концерт залындағы көрермендер ду қол шапалақтап құрмет көрсетті.

Ержан Максимнен басқа сайысқа 18 елдің өкілі қатысты.

Жаңалықтар
0