12:02 20 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
171 0 0

Ақтоты Райымқұлова 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні 90 жасқа толатын Бибігүл Төлегеноваға орден тағып, қазақтың бұлбұл әншісіне президенттің сәлемін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан — Sputnik. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары тапсырылды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласына келіп, мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік марапат иелерін құттықтап, төсбелгілерін табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ОрденомБарыс первой степени была награждена Народная артистка СССР, лауреат государственной премии Казахстана, профессор Бибигуль Тулегенова
© Sputnik / Тимур Батыршин
Бибігүл Төлегенова "Барыс" орденімен марапатталды

"Құрметті өнер сүйер қауым! Сіздерді тұғыры биік төл мерекеміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 28 жыл бұрын егемендігін алған еліміз ширек ғасырда ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен алыс-жақын шет мемлекет мойындаған, Арқа төсіне еңсесі биік елордасын қондырған тәуелсіз мемлекетке айналды. Бұл жылдар мемлекетіміздің ең сындарлы, тарихи тағылымы зор, табысты, ауыз толтырып айтар жемісті кезең болды", - деді Райымқұлова.

Тағы оқыңыз: Назарбаев әнші Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттегі және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін I дәрежелі "Барыс" орденімен қазақ ән өнерінің бұлбұлы Бибігүл Ахметқызы Төлегенова марапатталды.

ОрденомБарыс первой степени была награждена Народная артистка СССР, лауреат государственной премии Казахстана, профессор Бибигуль Тулегенова
© Sputnik / Тимур Батыршин
Ақтоты Райымқұлова Бибігүл Төлегенованы құттықтады

Ақтоты Райымқұлова Бибігүл Төлегеноваға орден тағып, президенттің сәлемін жеткізді. Ал қазақтың бұлбұл әншісі өзінің бақытты екенін айтты.

"Мен өте бақыттымын. Ал бүгінгі марапатты айтар болсақ, мұның өз символикасы бар. 3 желтоқсанда астанада үлкен кешім өтті. 22 желтоқсанда Алматыда кешім өтеді. Үлкен кісіге қайта-қайта жол жүру қиын екенін ескеріп, бүгін министр Ақтоты Райымқұлованың өзі келіп отыр. Бұл орденді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алып отырмын. Оның алдында Елбасымен кездестім. Ол кісі өзінің кітаптарын, қолыма алтын сағат сыйлады. Сондықтан мендей бай адам жоқ деп айта аламын. Менің ең бірінші мәдениетке, өнерге көзімді ашқан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы болатын. Сол кезде Ахмет Жұбанов біздің ректорымыз еді. Орыстардың ортасында өскендіктен қазақ тіліне шорқақ болдым. Осы себеппен ректордың кабинетінен талай рет жылап шықтым. Ал бүгін өзім ұшқан ұяда осындай марапатқа ие болып отырмын", - деді Бибігүл Төлегенова.

ОрденомБарыс первой степени была награждена Народная артистка СССР, лауреат государственной премии Казахстана, профессор Бибигуль Тулегенова
© Sputnik / Тимур Батыршин
Бибігүл Төлегенова Тәуелсіздік күні 90 жасқа толады

Сондай-ақ, "Атамекен" одағының басқарма мүшесі Есетжан Қосыбаев II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды. "Құрмет" орденімен "Қазақстан қолөнершілер одағы" төрағасы Айжан Бекқұлова, "Қазақстандық кәсіби бокс федерациясының" вице-президенті Виктор Демьяненко, "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" әртісі Сүлеймен Ибрагимов, сала ардагері Шаяхмет Имашев, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры әртісі Үсіпхан Сейтімбет марапатталды.

Тағы оқыңыз: Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова туралы не білеміз?

Тақырып бойынша

"Туфлиін шешіп алып ұратын". Жұлдыздар мектептегі қызықты оқиғаларын айтып берді
2019 жылғы атаулы күндер мен мерейтойлар
"Астана опера" мемлекеттік опера және балет театры
Абайдың қара сөздері (16-30)
Қазақстандықтар Димаш Құдайбергенді Нұр-Сұлтан әуежайында қарсы алды
Кілт сөздер:
орден, әнші, Бибігүл Төлегенова
Загрузка...

Басты тақырып