12:54 06 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
570 0 0

Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Еліміздің танымал орындаушысы Димаш Құдайберген Қазақстанның аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Димаш құттықтауын Instagram желісінде жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

"Аса құрметті Төлегенова Бибігүл Ахметқызы! Сізді осынау 90 жылдық мерей тойыңызбен құттықтаймын! Әлі есімде 2015 жылы "Славян базарына" барғалы жатқанда аналық ақ батаңызды беріп тілеуімді тіледіңіз. Қытай елінде де жарыста жүрген кезімде жолдаған батаңыз әлі есімде. Қазақ ән өнерінің - анасы екеніңіз сөзсіз", - деп құттықтады ол өз аккаунтында.
Бұған қоса, жас орындаушы Қазақстанның халық әртісіне мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
"100 жылдығыңызды дүркіретіп атап өтейік! Сіздің күш жігеріңіз, еңбек еткен жолдарыңыз барлығы бізге болашаққа апарар үлкен белес!", - деп жазды Димаш.
Дүйсенбі, 16 желтоқсан күні КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова 90 жасқа толды. Әртісті мерейтойымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Тақырып бойынша

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова туралы не білеміз?
"Астана опера" мемлекеттік опера және балет театры
Абайдың қара сөздері (16-30)
Назарбаев әнші Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Қазақстандықтар Димаш Құдайбергенді Нұр-Сұлтан әуежайында қарсы алды
Кілт сөздер:
мерейтой, Бибігүл Төлегенова, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып