23:31 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
1199 0 0

Мейрамбек Бесбаев ұйымға жетекшілік ету үлкен жауапкершілік екенін айтып, әншілердің құқықтарын қорғауға дайын екенін білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар — Sputnik. Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланды.

Бұл туралы ол Іnstagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін өнерде жүрген барша әріптесім ұсыныс жасап, бірауыздан дауыстарын беріп, мені Қазақстан орындаушылар одағының (КОУПИС) басқарма төрағасы етіп сайлады. Біраз жұрт біледі, қазіргі таңда бұл қоғамдық ұйымның қаржылық жағдайы нашар, біраз құрылымдардың алдында қарызы бар, әншілер мен ән өңдеушілердің алдында беделі де төмендеп кеткен", - дейді әнші.

Мейрамбек Бесбаевтың айтуынша, ол ешқашан жоғары қызметті армандап, оған ұмтылған емес.

"Бірлестік тарихының осындай ауыр кезеңінде әріптес-достарым мені басшы қып сайлап отырғаны - маған сенгені деп қабылдап отырмын. Әрине, мұндай ұйымға жетекшілік ету маған үлкен жауапкершілік артатынын жан-дүниеммен жақсы сезініп әрі түсініп отырмын. Мен ешқашан басшылық қызметке ұмтылған адам емеспін. Мұны бір сахнада жүрген әріптестерім мен қадірлі тыңдармандарым да жақсы біледі", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 𝐌𝐄𝐈𝐑𝐀𝐌𝐁𝐄𝐊 𝐁𝐄𝐒𝐁𝐀𝐄𝐕 (@m_besbaev)

Сондай-ақ әнші ұйымның жұмысын жақсарту үшін бар күшін салатынын атап өтіп, әріптестерін бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

"Менің мақсатым – ұйымның жұмысын жақсарту арқылы қазақтың төл өнерін дамыту, өнерде жүрген әншілердің құқықтарын қорғап, тиісті шаруаларын шешу болып отыр. Маған сенім білдірген әріптестеріме мың алғыс айта отырып, болашақтың алдында жүзіміз жарық болу үшін, бірлесе жұмыс жасауға шақырамын", - деп түйіндеді сөзін "МузАрт" тобының мүшесі.

Тақырып бойынша

Мейрамбек Бесбаев әкімнің кеңесшісі болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді
"Сағынышымыз сейілді": Сәкен Майғазиев жүрек елжірететін видео жариялады
"Мақпал мені сыйламады". Сәкен Майғазиев бағдарламадан неге кетіп қалғанын түсіндірді
Сәкен Майғазиев: Көкемнің жақындарының жүрегін ауыртқаннан мүйіз шыға ма?
Белгілі профессор Мейрамбек Бесбаевқа неге шүйлікті?
Сағынтаев Мейрамбек Бесбаевты қызметке тағайындады
Кілт сөздер:
әншілер, Мейрамбек Беспаев
Загрузка...

Басты тақырып