18:04 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
Абайдың 175 жылдығы (55)
785 0 0

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде Нұр-Сұлтан қаласында басталады. Үш деректі фильм түсіріліп, музей салынады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында өтетін негізгі шаралардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үш деректі фильм түсіріледі

Мерейтой ресми түрде "Астана Опера" театрында ашылады. Осыған орай, 21 қаңтарда үлкен концерт ұйымдастырылып, оған танымал әншілер мен өнер ұжымдары қатысады.

Ал мерейтой аясында қолға алынатын маңызды жобалардың бірі – Абай шығармаларының жинағын шетелдің 10 тіліне аударып шығару. Соның ішінде француз, ағылшын, орыс, араб, испан, қытай, түрік, жапон, неміс және итальян тілдері бар. Осылайша, әрбіреуі үш мың данамен әлемнің түкпір-түкпіріне таратылады. Оған ұлттық аударма бюросы жауапты.

Вице-министр Нұрғиса Дәуешовтың айтуынша, биыл Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған үш деректі фильм түсіріледі. Абай атындағы опера және балет театры Ресей, Түркия мен Қытайға гастрольдік сапармен барып, ұлы ақынның мұрасын насихаттайды. Ал Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестр және Мүсірепов атындағы балалар театры елді аралайды. 

"Әрине, Абай бабамыздың туған жерінде біраз шара ұйымдастырылады. Мәселен, жаз айында Абай ауданында театрланған қойылымдар, айтыс, дәстүрлі орындаушылардың концерттері, сирек кездесетін кітаптар, мұражай экспонаттары, қолдаңбалы және өнер шеберлерінің көрмелері, ұлттық спорт, басқа да мерекелік шаралар болады", - деді Дәуешов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Абайдың мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтеді. Қазан айында осы ұйымның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде ғылыми-конференция, концерт, көрме, кинокөрсетілім және тағы басқа мерейтойлық шаралар ұйымдастырылады. Кембридж сияқты әлемнің жетекші университтері де меретойға атсалысады.

Ақындар айтысы көптеп ұйымдастырылады

Биыл Абайдың мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттауға басымдық беріледі. Осыған орай, музыкалық, поэзиялық және басқа да шығармашылық байқаулар өткізіледі.

"Алматыда балалар мен жасөспірімдерге арналған "Абай әлемінде" республикалық қойылымдар фестивалі өтеді. Ал Абай атындағы мемлекеттік театрда "Абай-гала" музыкалық акциясы және "Абай әлемі" атты фестиваль ұйымдастырылады. Сосын "Дана мен даланы дәріптеген ақын" атты республикалық ақындар айтысы болады", - деді Дәуешов.

Негізі, мерейтой аясында ақындар айтысы көптеп ұйымдастырылады. Мәселен, 8 ақпанда мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында "Ұлы даланың ұлы ақыны" тақырыбында ақындар айтысы өтетін болады.

"Жас ұрпақтың арасында Абай атамыздың мұрасын дәріптеу, құндылығын арттыру мақсатында барлық білім беру мекемесінде Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу және мазмұндау бойынша ашық сабақтар мен тақырыптық байқаулар өткізіледі. Республиканың барлық аймағында оқушылар үшін "Абай жеріне саяхат" атты Абай жерлеріне экскурсиялық турлар қарастырылған", - деп атап көрсетті Дәуешов.

Ал жоғары оқу орындарында ғылыми конференциялар, Абай оқулары, симпозиумдар, поэтикалық жəне əдеби фестивальдер, поэзия кештері, Абай өлеңдерін үздік оқу, əндерін орындау жəне шығармашылығын білу бойынша семинарлар мен конкурстар ұйымдастырылады.

Музей салынады

Биыл Семей жерінде біраз шара өтеді. Жоспар бойынша Абайға қатысы бар тарихи-мəдени нысандарда ғылыми-жаңғырту жұмыстары да жасалады. 

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, Жидебай-Бөрілі жерінде Абай бабамыздың тұрған үйі, Мұхтар Әуезовтың үйі, Семей қаласында орталық музей бар. Барлығында музеефикация жəне жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Ал Семей қаласындағы музейде құрылыс жұмыстары жасалады. Көп жылдан бері ондай жұмыстар атқарылған жоқ. Біз оны нақты қолға алып, қазіргі заман талабына сай музейді жасақтайтын боламыз", - дейді вице-министр.

Абайдың мерейтойына 3 миллиард теңге жұмсалады

Вице-министрдің айтуынша, Жидейбай жеріндегі Абай мен Шәкәрімнің кесенелеріне де жаңғырту жұмыстары жасалады. Бұдан бөлек, абаттандыру шаралары атқарылады. Ал Құнанбайдың жатқан жерінде музей салу жоспарланып отыр.

Жалпы, Абайдың мерейтойына арналған жоспар 82 тармақты қамтиды. Соның ішінде халықаралық, республикалық, облыстық және қоғамдық маңызы бар 500-ден астам шара бар. Олар - ғылыми, ағартушылық іс-шаралар, конференциялар, симпозиумдар, пленэрлер, дөңгелек үстелдер, сынып сағаттар, поэтикалық жəне əдеби конкурстар мен баспасөз турлары. Жергілікті әкімдіктер де өз жоспарларын әзірледі.

Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (55)

Тақырып бойынша

Абайдың 175 жылдығы: ақын туралы телесериал түсіріледі  
Абайдың қара сөздері норвег тіліне аударылуы мүмкін
Абайдың экрандағы бағы жана ма – режиссерлердің пікірі
Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы бар – статистика белгілі болды
Кілт сөздер:
Абайдың 175 жылдығы, мерейтой, Абай
Загрузка...

Басты тақырып