16:02 02 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.66
  • EUR454.70
  • RUB5.71
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
Абайдың 175 жылдығы (47)
530 0 0

Рустам Минниханов Даниал Ахметовтен эстафета қабылдап, Қазақстанда тұратын татар диаспорасына жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Татарстан президенті Рустам Минниханов Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай басталған поэтикалық эстафетаға қатысты, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің сайты.

Минниханов қазақ тілінде ақынның "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңін оқып шықты.

"Мен досым – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтен эстафетаны қуана қабылдадым және оны Қазақстан Республикасында тұратын татар диаспорасына жолдаймын", – деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Қазақстанның татар және башқұрт конгресінің басшысы Тауфик Каримов  Абайдың 25-ші қара сөзінен қазақ, татар және орыс тілдерінде үзінді келтірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Полпредство РТ в Казахстане (@tatarstan.kz)

"Қазақстан татарлары Татарстан Республикасы президентінен эстафетаны қуана қабылдады. Енді біз оны Беларусь Республикасының татарларына жолдаймыз", - деді Каримов.

Естеріңізге сала кетейік, Абайдың өлеңін оқу эстафетасын Нұр-Сұлтанда тұратын 9 жастағы мектеп оқушысы Ләйлім Рысқали бастаған. Ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа эстафетаны ұсынды. Мемлекет басшысы оны қабыл алып, Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" (Не получив знаний, не хвались) өлеңін оқыды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Кейін бұл эстафетаға көптеген танымал тұлғалар, оның ішінде әнші Димаш Құдайберген, композитор Игорь Крутой, Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы  елшісі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

2020 жылы елімізде президенттің жарлығымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде аталып өтеді.

Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (47)

Тақырып бойынша

Абай туралы фильм-операны ресейлік режиссер түсіре ме?
Ленинді Абай алмастырды: Қарағандыда он көшенің атауы өзгереді
Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы жарияланды
Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы бар – статистика белгілі болды
Ереванда Абай мен Жамбыл шығармалары армян тілінде сөйледі
Абай мінәжат еткен: Семей халқы көне мешітті қалай сақтап қалды - видео
Кілт сөздер:
өлеңдер, Абайдың 175 жылдығы, Татарстан
Загрузка...

Басты тақырып