Мәдениет

Димаш виртуалды әншімен ән айтып, жұртты таңғалдырды - видео

© Sputnik / Владислав ВодневДимаш на концерте в Нур-Султане
Димаш на концерте в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайберген Қытайда миллиондаған жанкүйері бар жұлдыз-голограмма Ло Тяньимен бірге қытайша ән шырқады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның танымал әншісі Димаш Құдайберген Қытай телеарнасының эфирінде өнер көрсетті. Ол сахнада аниме-әнші Ло Тяньимен (Luo Tianyi) бірге ән шырқады.

Бұл музыкалық номердің видеосы әншінің түрлі пабликтері мен фан-топтарында жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DimashDears_news (@dimashdears_news)

Ло Тяньи есімді голографиялық әнші Қытайда өте танымал. Ол аниме кейіпкеріне ұқсайды, ал оны жасау үшін 200 адам жарты жыл бойы еңбектенген екен.

Оның жергілікті әлеуметтік желісіндегі парағына шамамен үш миллион адам жазылған. Ол мыңдаған көрермен жинап, концерттер де ұйымдастырады екен. Әншінің жанкүйерлерін оның шынайы өмірде жоқ екені де аса мазаламайтын сияқты.

Димаш пен Ло Тяньи Қытай Халық Республикасында 25 қаңтарда аталып өтетін жаңа жылға орай композиция орындады.

Негізі, голографиялық орындаушылар үрдісі Жапонияда туындаған. Бірақ бүгінгі күні Қытайда 40-қа жуық виртуалды әнші бар, ал Ло Тяньи - арасындағы ең танымалы.

Жаңалықтар
0