Мәдениет

Қостанайда екі бірегей фотокөрме ашылды

© Photo : РЦНКРуководитель представительства Россотрудничества в Казахстане Константин Воробьев на открытии выставки портретов Александра Пушкина в Костанае
Руководитель представительства Россотрудничества в Казахстане Константин Воробьев на открытии выставки портретов Александра Пушкина в Костанае - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірде алғаш рет көрсетілген экспозициялар блокадалық Ленинград пен суретшілердің екі ғасыр бойы ақын Пушкинді қалай бейнелегені туралы баяндайды

АЛМАТЫ, 9 ақпан — Sputnik. Қостанайда екі көрме қатар өтіп жатыр. Бірі "Пушкин. Портреттер", екіншісі "Блокадалық альбом" деп аталады. Экспозициялар Қазақстандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы өкілдігінің қолдауымен ашылды.

Пушкинді еске алу күніне арналған көрме

Ведомство мәліметінше, Александр Пушкин портреттерінің көрмесі жұма күні Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханада (Алтынсарин көшесі, 111) ашылды. Оны Пушкин атындағы Мәскеу мемлекеттік музей мен Қазақстандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы өкілдігі бірлесіп әзірледі.

© Photo : РЦНКҚостанайда Александр Пушкинге арналған ескерткіш
Қостанайда екі бірегей фотокөрме ашылды - Sputnik Қазақстан
Қостанайда Александр Пушкинге арналған ескерткіш

Ақпаратқа сай, көрме хронологиясы шамамен 220 жылдық кезеңді қамтиды. Александр Пушкиннің бала кезіндегі портретінен бастап соңғы жылдары салынған туындыларға дейін назарға ұсынылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от РЦНК Нур-Султан (@rsgov_qazaqstan)

Блокадалық альбом

Сенбі күні Қостанай облыстық орыс драма театрында Санкт-Петербургтен келген Сергей Ларенковтың "Блокадалық альбом" бірегей фотожобасы таныстырылды.

Ол өз көрмесі мен фильмін жеңіске жетпей, қаза болған азаматтарға арнады.

© Photo : РЦНКБірегей фотожоба
Қостанайда екі бірегей фотокөрме ашылды - Sputnik Қазақстан
Бірегей фотожоба

Көрмеге 20 фотоколлаж кірді. Оларда замануи Санкт-Петербург суреттері блокадалық Ленинград фотоларымен біріктірілген. Экспозицияны Қазақстандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы өкілдігі әзірледі.

© Photo : РЦНКФотожоба
Қостанайда екі бірегей фотокөрме ашылды - Sputnik Қазақстан
Фотожоба
Жаңалықтар
0