16:24 29 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD381.10
  • EUR420.81
  • RUB5.65
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
7946 0 0

Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртістері директорды қызметтен алуға қарсылық білдірді  

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Алматыда Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында бес жылда үш рет басшы ауысқан. Әртістер қазіргі директор Сәбит Әбдіхалықовты орнынан алуға қарсылық білдірді.

Әбдіхалықовтың да театр директоры болып тағайындалғанына небәрі бір жыл болған. Әртістердің айтуынша, мәдениет министрі енді оны қызметінен алмақ, деп хабарлады КТК.

"Өнер ордасының басшысы Сәбит Әбдіхалықов ауысады" деген сыбыс шыққалы ешкімнің жұмыс істеуге құлқы жоқ.

"Сәбитті ауыстыруға қандай себеп бар? Соны бізге айтыңыздаршы? Ауыстырады деп естіп жатырмыз. Ол кісі бірдеңе жеді ме? Ол кісі зейнетке шыға ма? Жоқ! Қандай себеп? Бізге неге айтпайды?", - деп ашынды  актриса Рашида Хаджиева.

Көпшілік құзырлы ведомостваның қазіргі директорды қызметінен алу туралы идеясын қолдамайды.

"Тағы бір бастық келіп, тағы талан-таражға салса, не боламыз? Біз театрда әр бастықтың жағдайын ойлап, әркімнің көңіліне қарап жүргенде, өнер қайда қалады? Сәбит – керемет менеджер. Көрерменімізді қайтарды, ақшамызды қайтарды", - деп атап өтті актриса Нұржан Бексұлтанова.

Дулыға Ақмолда: Актер деген мамандықты төменге түсіріп жібердік

Ұжымдағылар Сәбит Әбдіхалықовтың жұмысына разы. Бір жылда жаңа қойылымдар мен көрермен көбейген. Сәйкесінше, кассадағы табыс молайыпты. Ең бастысы, театрдың талай жылғы қордаланған 10 миллионнан аса қарызы толық өтелген. Қазір театрдың басшысы ауруханада. Жүрегіне бірнеше рет ота жасалып, шетелде ем алып жатыр екен. Ал оның орынбасарына вице-министр қысым жасағанын айтады.

"Министрдің атынан Дәуешов мырзаның өзі маған "арыз жазып, өз еріктеріңмен кетіңдер" деп жазып жатыр", - дейді театр директорының орынбасары Әлібек Әмірсейітов.

Жаңа жылдан бастап әртістерге түрлі сахна киімін тігіп, сахнаны безендіретін қызметкерлердің жалақысы қысқарған. Осылайша сахна майталмандары министр басшы тағайындаудан гөрі, жастарға жағдай жасап, жалақыны көбейтсе дейді. Ал министрліктің берген жауабы кереғар.

"Бүгінгі күні жұмыстан босату деген бізде ой жоқ. Бірақ жұмыстың тиімділігіне қарай, оның іскерлігіне қарай, ары қарай "бұл жұмысты алып кете ала ма, алып кете алмай ма?" деген мәселе туындауы мүмкін. Сонымен қатар ұжымның пікірі бізге маңызды", - деп түсіндірді мәдениет және спорт министрлігі, мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова.

Өнер ұжымы театр директорының ауысуына қатысты әңгімені алдағы болатын күрделі жөндеумен байланыстырып отыр. Жаңа маусым аяқталса, театр 2-3 жылға күрделі жөндеуге жабылады екен.

"Бұл дегеніміз қыруар ақша", - дейді осындағылар. Сондықтан өнер ұжымы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен жүзбе-жүз кездесуді талап етіп отыр.

Тақырып бойынша

"Менің ісім емес екен": Кәсібі бар жұлдыздар туралы не білеміз?
Белгілі ғалым Қоянбаев пен Қабатовтың сөйлеу мәнерін сынға алды  
"Адам ұрпағымен мың жасайды": Қазақстанның көпбалалы жұлдыздары - фото
"Сантехник болып, трактор айдадым". Әншілер өнерге келмес бұрын не істегенін айтты
"Алланың осы сынақты бергеніне шүкір" Гауһар Әлімбекова түрмеден хат жолдады
Бекжан Тұрыс "Қалаулым" жайлы: Ешкімнің күші жетпейтін не қылған құдірет?
Кілт сөздер:
Әуезов театры
Загрузка...

Басты тақырып