Мәдениет

Димаштың Ресейдегі концерті қалай өтті – видео

© Photo : Официальный сайт Димаша Кудайбергена dimashnews.comГастрольное турне Димаша Кудайбергена стартовало в Краснодаре
Гастрольное турне Димаша Кудайбергена стартовало в Краснодаре - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген гастрольдік сапары аясында Ресей мен Еуропа қалаларында концерт береді

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Ресейдің Краснодар қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концерті өтті, деп хабарлады әншінің баспасөз қызметі.

Концерт 7 500 адамға арналған "Баскет Холл" залында ұйымдастырылды. Барлық билет бірнеше апта бұрын сатылып кеткен. Залда ине шаншар жер болмады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Әншінің Instagram парақшасында Краснодарда өткен концерттің алғашқы фотолары жарияланды. Шара "Arnau" атты жаңартылған бағдарлама бойынша ұйымдастырылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

"Рақмет, Краснодар! Love you", - деп жазды Құдайберген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Isabella73 - Dimash Dear (@d.dear.73)

Димаш өзінің үлкен гастрольдік турын Краснодар қаласынан бастады. Турне аясында Мәскеу, Рига, Прага және тағы басқа қалаларда концерттер өтеді. 

Димаштың Ресей мен Еуропадағы жеке концерті

  • 2020 жылдың 20 ақпаны, "Татнефть Арена" спорт сарайы, Қазан, Ресей;
  • 2020 жылдың 23 ақпаны, "Екатеринбург-ЭКСПО"  конгресс орталығы, Екатеринбург, Ресей;  
  • 2020 жылдың 7 наурызы,  Арена Рига, Латвия,;
  • 2020 жылдың 9 наурызы , "Мегаспорт" спорт сарайы, Мәскеу, Ресей;
  • 2020 жылдың 11 наурызы, Спорт сарайы, Киев, Украина;
  • 2020 жылдың 19 наурызы, Barclaycard Arena, Гамбург, Германия;
  • 2020 жылдың 21 наурызы, Düsseldorf ISS DOME, Дюссельдорф, Германия;
  • 2020 жылдың 25 наурызы, TipSport-Arena, Прага, Чехия;
  • 2020 жылдың 29 наурызы, Hanns-Martin-Schleyer-Halle, Штутгарт, Германия;
  • 2020 жылдың 4 сәуірі, Минск-Арена, Беларусь.
Жаңалықтар
0