18:50 05 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
744 0 0

Ақан Сатаевтың "Боксер" фильмі қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы, экс-депутат Серік Сәпиевтің өмірінен сыр шертеді

АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстандық кинорежиссер Ақан Сатаевтың кезекті туындысы "Боксер" фильмінде Серік Сәпиевті кім сомдайтыны белілі болды. Басты рөлге Смадиар Сабыров бекітіліп отыр.

Бұл жайында Sataifilm киностудиясы Insatgram парақшасында хабарлады.

"Ақан Сатаевтың "Боксер" фильмінде басты рөлді сомдайтын актердің бекітілгенін жариялаймыз. Ол – Смадиар Сабыров", – деп жазды киностудия өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SATAIFILM (@sataifilm_studio)

Бұл рөл Сабыров үшін дебют болмақ. Ол күрделі рөлді сәтті сомдап шығу үшін күн сайын дайындалып жатыр.

"Сомдалатын образ күрделі және жауапты, актердің қарқынды физикалық дайындығы талап етіледі. Смадиардың бокста үлкен тәжірибесі бар. Оған қарамастан, қазiр күн сайын тәжірибелі бапкермен жаттығу жасап жатыр. Сондай-ақ актерлік шеберліктің қыр-сырын меңгеруде", – деп жазды киностудия.

"Боксер" фильмі Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің өміріне негізделіп түсіріледі.

Басты рөлге жарияланған кастингке 8 мың адам қатысып, 600-і ашық кастингке шақырту алған.

Тағы оқыңыз: Бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді - видео 

Тақырып бойынша

Серік Сәпиев неліктен Головкиннің көмегінен бас тартқанын айтты   
Депутат Серік Сәпиев парламенттен кетті
Сәпиев мәжілістегі қызметі туралы: талмай еңбек етемін
Серік Сәпиев жол жөндеу жұмыстары киіктерге кесірін тигізе ме деп алаңдайды
Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Кілт сөздер:
Ақан Сатаев, Серік Сәпиев
Загрузка...

Басты тақырып