01:58 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
42251430

Берік Уәли халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірілмей тиісті шешім шығарылатынын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қалаулым", "Қалауым сен" атты бағдарламаларға қатысты тапсырма берді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Берік Уәли соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан "Қалаулым", "Қалауым сен" бағдарламаларына қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кеткенін атап өтті. Оның пікірінше, оған бұл бағдарламалардың халқымыздың менталитетіне, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына қайшы келуі себеп болып отыр.

"Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр", - дейді ол.

Берік Уәли мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын білетінін айтты. Соған сәйкес тапсырма берілген.

Бекжан Тұрыс "Қалаулым" жайлы: Ешкімнің күші жетпейтін не қылған құдірет? 

"Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірілмей тиісті шешім шығарылады", - деп түйіндеді президенттің баспасөз хатшысы.

Тақырып бойынша

Таста бұл жұмысты: Аша Матай "Қалаулымнан" кетуге мәжбүр екенін мәлімдеді
"Дардай атыңызға сын": Асхат Садырбай Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын жабуды талап етті
Орынбек: "Қалаулым" бағдарламасы жайлы министр менен бірінші естіп тұр екен
Министр атышулы "Қалаулым" бағдарламасына қатысты түсініктеме берді
"Қалаулымды" ел неге көреді немесе үкіметтің шаруасы жоқ мәселе
Жалмағамбетова депутатқа: "Қалаулымды" көрмеймін десеңіз, көрмей-ақ қойыңыз
"Ащы шындық" Қазақ жігіттерін кінәлаған белгілі әншінің басы дауға қалды
"Қалаулым" жаңаша шықты: Аша Матай отбасылық әңгімені жұртқа жайып салды
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қалаулым
Загрузка...

Басты тақырып