13:48 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
Абайдың 175 жылдығы (47)
51 0 0

Қазақстанның Польшадағы елшілігі ұлы ойшылдың бейнесі бар пошта маркасын шығару бастамасын көтерген

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Польшада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы құрметіне ұлы ақын бейнеленген пошта маркасы шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай бейнеленген пошта маркасын Қазақстанның Варшавадағы елшілігінің бастамасымен "Почта Польска" компаниясы шығарған.

Қазақстанның Польшадағы елшісі Әлім Қирабаев қазіргі ұрпақты адалдық пен әділеттілік қағидаларын басшылыққа алуға, сондай-ақ, өз халқына қызмет етуге және ағартуға ұмтылуға шақырып, ақынның философиялық идеялары мен өлмес әдеби мұрасының өзектілігін атап өтті.

"Почта Польска" АҚ төрағасы Томаш Здзикота ұлы ойшыл бейнеленген пошта маркасы филателистердің зор қызығушылығын тудырып, бірлескен сәтті жобалардың айғағы болатынына сенім білдірді.

Тағы оқыңыз: Абай мерейтойына арналған шаралар қай кезде басталады

"Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында өткізілген шара поляк аудиториясын Қазақстан халқының мәдени мұрасымен және рухани байлығымен таныстыруға жақсы мүмкіндік ұсынды", - делінген хабарламада.

Пошта маркасын таныстыру салтанатына, Қазақстан елшілігінің өкілдерімен қатар,  "Почта Польска" АҚ мен Польша сыртқы істер министрлігінің басшылығы қатысты.

Кездесу соңында елші қонақтарға поляк тілінде жарық көрген Абайдың "Қара сөздер" кітабының бірнеше данасын табыстады.

Абайдың 175 жылдығы

Биыл Қазақстанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аталып өтіп жатыр. Ұлы ақынның мерейтойына республикалық бюджеттен 2,36 миллиард теңге қарастырылған.

30 маусымда елордада ABAI TV телеарнасының ашылу салтанаты өтті. Жаңа арна "Qazaqstan" телерадиокешеніне кіреді.

Бұдан бөлек, Абай туралы деректі фильм түсіріліп жатыр.

Сонымен қатар, Қазақстанда мерекелік даталардың қатары Абай күнімен толығуы мүмкін. Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған тиісті қаулы жобасы қазір талқылануда.

Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (47)
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, пошта, Абайдың 175 жылдығы
Загрузка...

Басты тақырып