16:12 28 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
200810

Бейнебаян Алматы облысының көрікті жерлерінде түсірілді. Ән авторы – Ренат Гайсин мен Димаш Құдайберген, сөзін жазған – Данияр Алдаберген мен Орал Байсеңгір

АЛМАТЫ, 10 тамыз –Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Qairan Elim" ("Қайран елім") әніне бейнебаян түсірді. Бұл жолы әнші режиссер ретінде дебют жасады.

Бұл музыкалық композиция коронавирус індеті кезінде Қазақстан тап болған қиыншылықтарға арналған.

"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады 

"Қайран елім" – адамзатқа жасалған үндеу іспетті, қорқынышты жайтқа қарамастан, жақсылықтан үміт барын ұғындыру. Барлық ауыртпалықты еңсеретінімізге сендіргіміз келеді. Дәл қазіргі таңда ең бастысы мықты болуымыз керек", - дейді әуен авторы Ренат Гайсин мен Димаш Құдайберген. Қос өнерпаздың бұл сөзін dimashnews.com сайты келтірді.

Әннің сөзінде төмендегідей жолдар бар:

"Ұмытылсын қайғы мұң,

Жарқырасын ай-күнім,

Шаттансын әр үй,

Қуансын сәби,

Тілеймін әлем саулығын!".

Бейнебаянда музыкант Олжас Құрманбек қобыз тартады, әннің сөзін жазған – Данияр Алдаберген және Орал Байсеңгір, саундпродюсер – Ерлан Бекчурин, видео идеясы Димаш Құдайбергенге және кинооператор Азамат Дулатовқа тиесілі.

Бейнебаян Алматы облысының көрікті жерлерінде түсірілді.

Тақырып бойынша

"Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты
Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті – видео
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
"Олар мені Димаш деп атайды": науқастарға ән салған санитар сұхбат берді
Кілт сөздер:
бейнебаян, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып