10:44 28 Мамыр 2017
Тікелей эфир

Жоба туралы

Жоба туралы

Sputnik басқалар айтпағанды айтады. Агенттік баламалы жаңалықтық контент жеткізуші мен радиотаратушының бірегей тауашасы орнын алады. Sputnik тұтастай шетелдік аудиторияға бағытталған. Әлемнің ірі астаналарында орналасқан әр Sputnik редакциясы өз сайттарын жергілікті радиостанциялар студиясынан таратылады. Sputnik радиотаратылымының жиынтық уақыттық саны 2015 жылы әлемнің 34 елінде, дүниежүзінің 130 қаласында 30 тілде тәулігіне 800 сағаттан асты. Агенттіктің мультимедиялық баспасөз орталықтары бар, олар сайттар үшін бірегей контент жасап жергілікті аудитория үшін радиотаратылымдар жүргізеді. Радиотаратылым тек заманауи форматтарда жұмыс істейтін болады: FM-диапазон, DAB/DAB+ (Digital Radio Broadcasting), HD-Radio сандық форматта, сонымен қатар ұялы телефондар мен ғаламторда.

Sputnik өзінің мультимедиялық контентін жасап орыс, абхаз, азербайжан, ағылшын, араб, армян, грузин, дари, испан, қазақ, қырымтатар, қырғыз, қытай, күрді, латыш, молдаван, неміс, тәжік, поляк, португал, пушту, серб, түрік, өзбек, украин, фин, француз, үнді, эстон, жапон тілдерінде таратылады. Sputnik брендімен ағылшын, испан, араб, қытай тілдерінде тәуліктік жаңалықтар таспасы шығып отырады. Жаңалықтарды үзбей шығарып отыру үшін Вашингтон, Каир, Бейжің және Монтевидеода аймақтық редакциялар 24/7 режимінде жұмыс істейді.
Sputnik фотоқызметі - бүкіл дүниежүзі бойынша орналасқан фотокорреспонденттік желі.