04:57 28 Мамыр 2017
Тікелей эфир
теңге

ЭКСПО және Универсиада: 2017 жылы біздің ақшамыз тағы қайда жұмсалады

© Sputnik /
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Универсиада-2017 (26)
370 0 0

АСТАНА, 15 қыр — Sputnik. Қазақстан билігі бейсенбі күні елдің бас құжаттарының бірі – алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетің жобасымен таныстырды.

ҚР парламенті мәжілісінде "2017-2019 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы", "2017-2019 жылдарға арналған ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы", сонымен қатар "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017 – 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" заң жобалары таныстырылды.

Қазақстан қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуына қарағанда, 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына әлеуметтік салаға арналған жалпы шығындар 11,6 триллион теңгені, оның ішінде 2017 жылға 3,5 триллион теңге құрайды. Бұл ретте 2017 жылға арналған әлеуметтік блокқа республикалық бюджет шығындарының жалпы көлеміне қатысты 41,7%-ды құрайды.

Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдеріне үш жылдық бюджетте 7 триллион 60 миллиард теңге қарастырылған. Оның ішінде 2017 жылы – 2 триллион 6 миллиард теңге, ол бұл жылмен салыстырғанда 41,7%-ға артық.

2017-2019 жылдары білім беру саласын қаржыландыруға 883 миллиард теңге жұмсалады. Ғылымды дамытуға 92,6 миллиард теңге қарастырылған. Денаулық сақтау жүйесіне 3,187 триллион теңге бөлінеді.

Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін әзірлеу мен өткізуге 2017-2019 жылдары 110 миллиард теңге қарастырылған, оның ішінде 2017 жылы Халықаралық көрмелер бөросымен өзара әрекеттесу шараларына 77 миллиард теңге. 2017-2019 жылдарға жоспарланған 33,8 миллиард теңге көрме нысандарын көрмеден кейін пайдалану жөніндегі шараларға бағытталады.

Тақырып:
Универсиада-2017 (26)

Басты тақырыптар