Экономика

АШМ: Қазақстанда 70% астам алаңдағы дәнді дақылдар жиналды

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуУборка пшеницы. Архивное фото
Уборка пшеницы. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта елімізде 11,1 миллион га жиналды. Жалпы аланда, астықтың жалпы жиыны 22 миллион тоннадан астам көлемде болжануда.

АСТАНА, 20 сен — Sputnik.  Қазақстанда 70% астам алаңда дәнді дақылдар жиналды,деп мәлімдеді  ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов.

Оның мәліметінше, тамыздың үшінші онкүндігінен бастап барлық өңірлерде астықты жаппай жинау басталды.

Уборка пшеницы. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Экономика
АШМ: Қазақстанда 70% астам алаңдағы дәнді дақылдар жиналды

"20 қыркүйектегі ахуал бойынша,  11 миллион 100 мың гектар немесе  дәнді дақылдар алқабының 72%-ы жиналды. Жалпы аланда, астықтың жалпы жиыны 22 миллион тоннадан астам көлемде болжануда", — деді Айтуғанов үкімет отырысында.

Бір гектардан 14,9 центнер астық шығымдылығында 16,5 миллион тонна  астық бастырылды, бұл өткен жылғы деңгейден жоғары.

Айтуғанов "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ҰК" АҚ астық сатып алу бойынша өз бағаларын жариялағанын атап айтты.

Сонымен, баға үшінші сыныпты бидайдың бір тоннасына 41 мыңнан 50 мың теңгеге дейін, төртінші сыныпты бидайдың бір тоннасына — 34 мыңнан 36 мың теңгеге дейін, бесінші сыныпты бидайға бір тоннасына —30 мың теңге, екінші сыныпты арпаның тоннасына— 25 мың теңге құрады.

Жаңалықтар
0