20:47 26 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Сиыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі Астана базарларында жалған ветанықтама беру деректерін анықтады

© Sputnik / Алексей Мальгавко
Экономика
Қысқа сілтеме алу
108 0 0

Ел аумағында ветеринарлық препараттардың сақталуы мен қолданылуына, сібір жарасы көмілген жерлер мен мал қорымдары, сойыс пункттеріне тексерістер жүргізу нәтижесінде Астана базарларына жалған ветеринарлық анықтамалар беру деректері анықталды.

АСТАНА 21 қыр — Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағында ветеринарлық препараттардың сақталуы мен қолданылуына, сібір жарасы көмілген жерлер мен мал қорымдары, сойыс пункттеріне тексерістер жүргізу нәтижесінде Астана базарларына жалған ветеринарлық анықтамалар беру деректерін анықтады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес бүкіл ел аумағында тексерістер жүргізілді.

Сайттағы хабарламаға сәйкес, ағымдағы уақытта Астана қаласындағы базарларда жалған ветеринарлық анықтамалар сату деректері анықталып отыр.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетімен шұғыл түрде шара қолдану үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен Астана қаласының ішкі істер департаментіне хат жолдады.

Сонымен қатар, Министрлікте Астана қаласының базарлары мен Астана қаласы әкімдігінің ветеринарлық бөлімшелерінің қызметін тексеру үшін комиссия құрылды.

Еліміздегі ветеринарлық қызметті жетілдіру бойынша арнайы топ құрылды.

Жыл басынан бері аса қауіпті аурулардың таралуы деректері анықталды. Айталық, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында сібір жарасының жайылуы деректері тіркелді.

Басты тақырыптар