Экономика

Игорь Гончаров ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып сайланды

Жазылу
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ ҰК") директорлар кеңесінің төрағасы болып Игорь Валерьевич Гончаров сайланды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі кеңес шешіміне сілтеме жасай отырып. Гончаров 2015 жылдың қарашасынан бері ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

АСТАНА, 22 қыр — Sputnik. "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ ҰК") директорлар кеңесінің төрағасы болып Игорь Валерьевич Гончаров сайланды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі кеңес шешіміне сілтеме жасай отырып. Гончаров 2015 жылдың қарашасынан бері ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Баспасөз баянға сәйкес, Кристофер Хопкинсон мырза отбасылық жағдайына байланысты Компанияның Директорлар кеңесі төрағасы лауазымынан кету туралы арыз берді. Бұл шешім қабылданды және кідірмей күшіне енеді.

Игорь Гончаров, 2015 жылдың 26 қарашасында ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланған, ҚМГ ҰК мұнай және газ өндіру бойынша Аға вице-президенті. Томск политехникалық институтын  Тау-кен инженері – геофизик  мамандығы бойынша бітірген, Heriot-Watt университетінде мұнайгаз істері Магистрі дәрежесін алған. "ТомскНИПИнефть ВНК" ААҚ, «Норд Империал» IEC Group компанияларында,сондай-ақ Ресей Федерациясының Томск облысының Әкімшілігінде жерқойнауын пайдалану және мұнайгаз өндіру кешенін дамыту департаментіндегі жұмыстарында  басқарушылық тәжірибеге ие.

Жаңалықтар
0