17:42 24 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда суармалы жерлер қалпына келтірілетін болады

© Sputnik / Елена Бережная
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Назарбаевтың өңірлерге сапарлары (10)
34 0 0

Қазақстанда суармалы жерлер қалпына келтірілетін болады, деп хабарлады мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында.

АСТАНА, 22 қыр — Sputnik. Қазақстанда суармалы жерлер қалпына келтірілетін болады, деп хабарлады мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында.

"Сіздердің шаруашылықтарыңыз Солтүстік Қазақстан облысының тек қана бидай өндіретін өңір емес екенін дәлелдеп берді. Бұл жерде майлы дақылдардың да барлық түрі жақсы өседі. Бүгінде агроөнеркәсіп секторында негізгі мәселелердің бәрі шешімін тапты. Енді еңбек өнімділігін және өндірілетін өнім сапасын арттыру қажет", – деді президент СҚО-ға сапары барысында.

Мемлекет басшысына жиын-терін науқанының барысы, өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің негізгі көрсеткіштері және оны дамыту жолында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды.
Қазақстан Президентіне Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындар шығаратын ауыл шаруашылығы техникасы үлгілері көрсетілді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев механизаторлармен және облыстың жетекші аграрлық компаниялары өкілдерімен әңгімелесті. Кездесу барысында еліміздің тәуелсіздігі жылдары осы салада болған оң өзгерістер жөнінде айтылды.   
Елбасыға шаруалар жан-жақты қолдауы және ауыл шаруашылығы саласындағы тиімді мемлекеттік саясаты үшін алғыстарын білдірді.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға жемісті жұмыс, табыс пен бақ-береке тіледі.

Тақырып:
Назарбаевтың өңірлерге сапарлары (10)

Басты тақырыптар