08:11 18 Қазан 2017
Тікелей эфир
Астананың келбеті

Қазақстан ДЭФ рейтингісінде 11 сатыға төмендеді

© Sputnik / Пресс-служба президента Украины
Экономика
Қысқа сілтеме алу
73 0 0

Дүниежүзілік экономикалық форум сәрсенбіде жариялаған 2016-2017 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі Есепте алғашқы орында Швейцария тұр.

АСТАНА 28 қыр — Sputnik.Дүниежүзілік экономикалық форум сәрсенбіде  жариялаған 2016-2017 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі Есепте әлемнің 138 мемлекетінің ішінен Қазақстан 53-ші орынға ие болды делінген баяндамада.

ТМД елдерінің ішінен Қазақстан Әзірбайжан (37-ші) мен Ресейден (43-ші орын) кейінгі үшінші орында.

Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингі бойынша  ең көп болатын 7 балдан индексті 4,48 балдан 4,41 балға дейін төмендетті.

"Қазақстан мемлекеттік қаржы саласындағы жағдайының нашарлауына байланысты өз ұстанымын жоғалтты, бұл мұнай экспортынан кірістердің төмендеуіне  байланысты болды", — делінген баяндамада.

ТМД елдерінің ішінен Қазақстан Әзірбайжан (37-ші) мен Ресейден (43-ші орын) кейінгі үшінші орында. Сондай-ақ Грузия — 59-шы орын, Тәжікстан — 77-ші орын, Армения — 79-шы орын, Украина — 85-ші орын, Молдова — 100-ші орын, Қырғыз Республикасы- 111-ші орын.

Алғашқы үш орынға Швейцария, Сингапур және АҚШ ие болды. Рейтинг соңында Йемен (138), Мавритания (137) және Чад (136) орнықты.

Басты тақырыптар