08:11 18 Қазан 2017
Тікелей эфир
Зал заседаний Мажилиса IV созыв

Мәжіліс депутаттары Ұлттық қордан трансферт көлемін қысқартуды мақұлдады

© Sputnik / Пресс-служба аппарата Мажилиса
Экономика
Қысқа сілтеме алу
53 0 0

Мәжіліс депутаттары (парламенттің төменгі палатасы) "ҚР Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

АСТАНА 28 қыр — Sputnik.  Мәжіліс депутаттары (парламенттің төменгі палатасы) "ҚР Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың мәліметінше,  заң жобасымен Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемін республикалық бюджетте 2 триллион 880 миллион теңгеден 2 триллион 479,7 миллиард теңгеге дейін азайту қарастырылады. Азайту республикалық бюджеттің кірісінің күтілген артық орындалуымен, сондай-ақ Ұлттық қор қаражатын жинақтаумен байланысты болып отыр. 

"Біз бүгінгі таңда нақтыланған бюджет жобасында ұсынылып отырған кірістерге (республикалық бюджетке кірістер— ред.) толық сенімдіміз. Кірістер бойынша атқарулар жоқ деген деректер болуы мүмкін емес. Бұл мүмкін емес, өйткені болжамдау мұқият іске асырылды", — деді Бишімбаев мәжілістің жалпы отырысында.

Қазақстанның 2017-2019 жылдарға республикалық бюджеті
© Sputnik / Айдын Алданғаров
Қазақстанның 2017-2019 жылдарға республикалық бюджеті

 

Басты тақырыптар