12:13 27 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасын талқылау барысындағы депутаттың мұрағаттық суреті

Мәжіліс 2016 жылға арналған республикалық бюджетке өзгерістерді мақұлдады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
61 0 0

Мұнай өндіру көлемі мұнайдың орташа жылдық бағасын арттырумен және ағымдағы жылғы қазанда "Қашағанның" іске қосылуымен байланысты 74 миллион тоннадан 75,5 миллион тоннаға дейін ұлғайтылды.

АСТАНА 28 қыр — Sputnik. Мәжіліс депутаттары (парламенттің төменгі палатасы) "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Заң жобасы 2016 жылға арналған республикалық бюджетке  өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Өзгерістер елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын түзетумен және жыл басынан бергі салық түсімдері қарқынын нақтылаумен байланысты деп көрсетілген мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында.

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың мәліметінше, әлемдік экономиканың ағымдағы жағдайын, тауар нарықтарындағы конъюнктураны және ағымдағы жыл басынан бері Қазақстан экономикасы салаларының даму қорытындыларын ескере отырып, 2016 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды.

Бұл ретте мұнайдың орташа жылдық бағасы бір барреліне 30 АҚШ долларынан 35  АҚШ долларына дейін өсті, металл бағаларының өзгеру индексі 2015 жылдың деңгейіне 15-тен 12,7 пайызға дейін төмендеді, АҚШ долларының орташа жылдық есептеу бағамы бір АҚШ долларына 360 теңге деңгейінде сақталды.

"Мұнай өндіру көлемі мұнайдың орташа жылдық бағасын арттырумен және ағымдағы жылғы қазанда "Қашағанның" іске қосылуымен байланысты 74 миллион тоннадан 75,5 миллион тоннаға дейін ұлғайтылды", — деді Бишімбаев мәжілістің жалпы отырысында.

Қазақстанның 2017-2019 жылдарға республикалық бюджеті
© Sputnik / Айдын Алданғаров
Қазақстанның 2017-2019 жылдарға республикалық бюджеті

Басты тақырыптар