17:34 24 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Қаражанбас кен орыны

Қаражанбас кен орнында ұңғыманы шаю кезінде апат болды

"Актау-Лада" / скриншот видео очевидца
Экономика
Қысқа сілтеме алу
56 0 0

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Қаражанбас кен орнының №5529 ұңғымасында газ-су қоспасы атылды, деп хабарлады Sputnik агенттігіне өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.

АСТАНА, 28 қыр — Sputnik. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Қаражанбас кен орнының №5529 ұңғымасында газ-су  қоспасы атылды, деп хабарлады Sputnik агенттігіне өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.

Апат сейсенбі күні орын алды. Атылу басталған кезде, жерасты сорғының ақаулығын жою үшін жұмысшылар бригадасы ұңғыма кенжарын шайып жатқан. Төтенше жағдай құтқарушылардың көмегінсіз өз күштерімен жойылды, зардап шеккендер жоқ.

Қаражанбас мұнай кен орны Бұзашы жарты аралында орналасқан. 1974 жылы ашылған. Мұнай кені 228 ден 466 метрге дейінгі тереңдікте орналасқан. Бастапқы қор 70 миллион тоннаға бағаланады.

Басты тақырыптар