04:10 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Бәйтерек

Дүйсенбіде ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастық форумы жұмысын бастайды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастық форумы (8)
26 0 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин бизнес-форумның жабылу салтанатында сөз сөйлейді.

АСТАНА, 3 қаз — Sputnik.  3-4 қазанда екі ел президенттерінің қатысуымен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы жұмысын бастайды. Форум жұмысының алғашқы күні оның қатысушылары ЭКСПО-2017 нысандарын аралап, сонымен қатары жастардың өзекті мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатыса алады. 

Ұйымдастырушылардың мәліметтеріне сәйкес, форумның іскерлік бөлімі  екінші күні болады. Бизнес-таңғы ас, байланыстар биржасы мен қазақстандық-ресейлік іскерлік кеңестің отырысы 4 қазанда өтеді.  Осы күні Қазақстан мен Ресейдің көліктік-логистикалық кешенін дамытуға, шикізаттық емес өнімдер  экспортын қолдау тетіктері мен туризм мәселелеріне арналған панельді сессиялар жоспарланған.

Бұдан бөлек, қазақстандық-ресейлік бизнес форум аясында Forbes және Global-2000 тізімдеріне енетін іргелі компаниялар жетекшілерінің қатысуымен азық түлік өнеркәсібі, химия, металлургия, инновациялар, машинажасау, фармацевтика және құрылыс материалдарын шығару секілді экономиканың басымды салаларындағы жобалар бойынша 30-дан астам екіжақты  келісімдерге қол қою күтіледі.

Қазақстан  президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин  бизнес-форумның жабылу салтанатында сөз сөйлейді. Одан кейін оларға Еуразиялық кеңістіктің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту бағдарламасы таныстырылады.

Тақырып:
ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастық форумы (8)

Басты тақырыптар