04:11 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Экономика

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13%-дан 12,5%-ға дейін төмендетті

Экономика
Қысқа сілтеме алу
ҚР үкіметінің отырысы (15)
14 0 0

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дүйсенбіде базалық мөлшерлемені 13%-дан 12,5% деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

АСТАНА, 3 окт — Sputnik. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дүйсенбіде базалық мөлшерлемені 13%-дан 12,5% деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Базалық мөлшерлеменің төмендеуі сыртқы нарықтың негізгі сегменттеріндегі оң cерпінмен, сондай-ақ ішкі қаржы нарығындағы ахуалдың тұрақты болуымен байланысты. Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі жылдық инфляцияның нысаналы дәлізге жақындау қарқыны одан әрі расталып, валюталық құралдарды теңгемен құралдарға ауыстыру үрдісінің орнықтылығы сақталған жағдайда базалық мөлшерлемені төмендетуді жалғастырады. Базалық мөлшерлеме бойынша шешім мынадай факторлар ескеріле отырып қабылданды", — делінген хабарламада.

2016 жылғы 9 айда инфляция 5,6 пайызды, жылдық көрсеткіш бойынша 16,6 пайызды құрады. Ағымдағы жылғы қазан-қарашада жылдық инфляция күрт баяулайды деп күтіледі. Осыған байланысты Ұлттық Банк жылдық инфляция 2016 жылдың қорытындысы бойынша жоғарғы шекке жақындайды, ал 2017 жылы жағымсыз күйзелістер болмаған жағдайда сенімді түрде нысаналы дәліз шегінде (6-8 пайызды) болады деп күтеді

Халықтың инфляциялық күтулері төмендеу үрдісін жалғастырды, оны халықтың арасында жүргізілген кезекті пікіртерім көрсетіп отыр. Нәтижелерге сәйкес бағаның қатты өсетінін күтетін пікіртерімге қатысушылар үлесі азаюда. Шілде-тамыздағы мұнайдың әлемдік бағасының серпінінен болған инфляциялық және девальвациялық тәуекелдер қыркүйекте айтарлықтай төмендеді.

Нарыққа қатысушылардың девальвациялық күтулері төмендеуде, бұл валюталық тәуекелдерді хеджирлеу үшін пайдаланылатын жеткізілімсіз форвардтық келісімшарттар бойынша мөлшерлемелердің тұрақты төмендеуімен расталып отырады. Мөлшерлемелердің төмендеуі қысқамерзімді кезеңге және сол сияқты бір жыл аясына тән.

2016 жылғы тамызда экономиканың базалық салаларын дамыту үрдісін сипаттайтын қысқамерзімді экономикалық индикатор жылдық көрсеткіш бойынша 0,2 пайызға өсті. Макроэкономикалық көрсеткіштер экономиканың сыртқы талаптардың өзгерістері мен айырбастау бағамының құбылмалылығына біртіндеп бейімделуін растайды.

Тақырып:
ҚР үкіметінің отырысы (15)

Басты тақырыптар