04:33 25 Шілде 2017
Тікелей эфир
Архивное фото полицейского, охраняющего вход в здание, где расположена штаб-квартира ОПЕК в центре Вены

Астана 12 қазанда ОПЕК және картелден тыс елдердің кездесуіне қатысады

© AP Photo / Ronald Zak
Экономика
Қысқа сілтеме алу
28 0 0

Кездесу мұнай шығару деңгейін шектеу туралы консультация жүргізу мақсатында энергетика министрлерінің арасында 12 қазан күні өтеді.

Астана, 9 қаз – Sputnik. Қазақстан 12 қазан күні Стамбулда ОПЕК елдері және бұл ұйымға кірмейтін мемлекеттердің Дүниежүзілік энергетикалық конгресс аясындағы ресми емес кездесуіне қатысады деп хабарлады Әзербайжан энергетика министрлігі РИА Новости агенттігіне.

"Кездесу ресми емес форматта мұнай шығару деңгейін шектеу туралы консультация жүргізу мақсатында Алжир, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Габон, БАЭ, Венесуэла, Ресей, сондай-ақ Бразилия, Қазақстан, Әзербайжан, Мексика, Оман елдерінің энергетика министрлерінің арасында өтеді. Кездесу 12 қазан күні болады", — деді министрлікте.

РФ Энергетика министрлігі басшысы Александр Новак Стамбулда энергетикалық конгресс аясында ОПЕК бас хатшысы және басқа да әріптес министрлермен кездесу өткізіліп, мұнай нарығын тұрақтандыру туралы Алжирде қабылданған шешімдер қаралатынын айтқан болатын. Новак қазіргі уақытта тек консультация болатынын, бірақ бұл мұнай шығаруды шектеуге байланысты келісімнің бастамасы екендігін атап өтті.       


Басты тақырыптар