Экономика

Бозымбаев: Астанадағы АИ-92 тапшылығы жаһандық емес, ағымдағы

© SputnikЖанар-жағар май бекеті
Жанар-жағар май бекеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сұйық отынның тапшылығына соқтырған жанармайға сұраныстың өсімі ауа температурасының төмендеуінен болды.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың мәліметінше Қазақстан елордасындағы  АИ-92 жанар майының тапшылығы жаһандық емес, ағымдағы сипатқа ие. 

Бір күн бұрын Астананың жанар жағар май бекеттерінде осы отын түрінің жетіспеуіне байланысты дүрлікпе көтерілді. Бұған дейін бірнеше күн ішінде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының май құю желілері көліктерге жанармайды тек талондармен толтырып отырды. 

"Кеше мен жанар май бекеттерінде болдым, жағдай тұрақталды. Аяз болған кезде, кеше термометр —32 градусты, ал сенбі күні 25-27 градус болған, сұраныс 2,5 егеге артты. Сондықтан "ҚМГ-да" егер күнделікті 100 тонна АИ-92 сатылатын болса, сенбі күні осы марканың 220 тоннасы өткізілді", — деді Бозымбаев дүйсенбіде үкіметтік сағат барысында. 

Оның түсіндіруінше, бұл ауа температурасының  күрт төмендеуімен байланысты болған. Осының салдарының автокөлік иелері көлікті жылытуға отынды көптеу жұмсаған. 

"ҚМГ" алдын ала дайындалуға тиіс болатын, бірақ бұл мәселе жаһандық емес, ағымдағы сипатқа ие. Кеше бұл мәселені шештік. Астанада қарашаның соңына дейін ЖЖМ-ның жеткілікті мөлшері бар, бұл үшін алаңдаудың қажеті жоқ", — деді Бозымбаев. 


Жаңалықтар
0