Экономика

Песков: Путин Астанаға "ЭКСПО-2017" көрмесіне баруы мүмкін

Жазылу
Ресей президенті Владимир Путин Астанаға "ЭКСПО-2017" көрмесіне баруы мүмкін, деп санайды Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

АСТАНА, 25 қар — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" көрмесіне баруы мүмкін, деп хабарлады "Известия" газеті Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасай отырып.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің көрмеге келуі мүмкін бе деген "Известияның" қойған сұрағына "Әрине, мүмкін" деп жауап берді.

Халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО-2017" көрмесі Астанада 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.  Тақырыбы "болашақ энергиясы" болатын іс-шара аясында "жасыл" энергияны дамыту саласындағы ғылымның жаңа жетістіктері таныстырылатын болады.

Қазіргі таңда 106 мемлекет көрмеге қатысатындарын түрлі деңгейде растаған. Бұл ретте ұйымдастырушылар олардың саны 110-нан асады деп күтіп отыр. Бұдан бұрын Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко Ресейдің "ЭКСПО-2017" көрмесіне әзірлігі туралы айтқан кезде, экспозицияда елдің ең ірі павильондарды бері болатынын мәлімдеген. 


Жаңалықтар
0