Экономика

Сағынтаев мұнай бағасы мен мемлекеттік бағдарламалардың болашағы жарқын деп санайды

© Sputnik / Болат ШайхиновБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұнай бағасы әрі қарай өсе берсе, Қазақстан мемлекеттік бағдарламалар аясында шығыстарын көбейте алады.

АСТАНА, 12 жел – Sputnik.  Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың пікірінше, мұнай бағасының ахуалы әрі қарай жақсара түсіп, үкіметке бюджеттік шығындарды көбейтуге мүмкіндік туады.

Мұнай - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мұнай өндірісінің қысқаруы аясында, оның бағасы 5%-ға дерлік өсті

"Бүгін көріп отырғанымыздай, Венада Опек-ке мүше емес елдер, оның ішінде біз де бармыз, мұнай шығару көлемін тәулігіне 20 мың баррелге дейін төмендету туралы келісімге келгеннен бері мұнай бағасы 57 долларға жетті. Бұл жүрегімізге үміт ұялатты, келесі жыл біз үшін табысты болады деп ойлаймын", — деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Дүйсенбі күні үкімет отырысында "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылыстық бағдарлама концепциясы қарастырылды, соған сәйкес елдегі әр түрлі тұрғын үйлерді қаржыландыруға бюджеттен 1,8 триллион теңге бөлінетін болады. Оның 375 миллиарды жергілікті атқару органдарының жалдамалы тұрғын үй қорын құруға жұмсалады, 70 миллиард теңге – ипотеканы қаражаттандыруға, 33 миллиард теңге – салушылар қарызын қаражаттандыруға, 120 миллиард теңге – несиелік тұрғын үйді сатып алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін қорландыруға және 1,2 триллион теңге – жеке тұрғын үй құрылысына байланыстар жеткізуге кетеді.

Ұлттық экономика министрлігі 10%-ға ипотека береміз деп үміттендіруде

Архивное фото строительства жилого комплекса - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасының тұжырымдамасы даярланды

Үй алғысы келетіндерге басты жаңалық: "Нұрлы жер" концепциясына сәйкес, мемлекет банк сыйақысының бір бөлігін қаражаттандыру арқылы ипотекалық несиелер бойынша мөлшерлемені төмендетуді көздеп отыр.

"17%-дан артпайтын банк сыйақысы мөлшерлемелерін 7 жыл бойы қаражаттандыру қарастырылуда. Жәрдем қаражат осы кезеңде берілетін болады, ипотека мөлшерлемесін 10%-ға дейін төмендету үшін мемлекет сыйақының 7%-н қамтитын болады", — деді ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Жаңалықтар
0