Экономика

Қашағанды іске қосу дүниежүзілік экономиканың 50 жылдығындағы ауқымды оқиға

© Photo : Министерство энергетики Республики КазахстанҚашаған кен орыны
Қашаған кен орыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті тәуелсіз жылдарындағы елдің негізгі экономикалық жетістіктерін атады.

АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қашаған кенорынын іске қосу дүниежүзілік экономиканың соңғы 50 жылдағы ең ауқымды және мықты оқиға екенін атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қашаған - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қашағанның ресми таныстырылуы Елбасының қатысуымен өтті

"Бүгін барша қазақстандықтар мен инвесторларымызды ғасырдың тағы бір жобасы – қашаған мұнай және газ кен орнының іске қосылуымен құттықтағым келіп отыр. Бұл дүниежүзілік экономика саласындағы соңғы 50 жылдағы ең ауқымды және мықты оқиға болды. Мұндай ашылу болмаған. Бұл жаңа жеңіс, ол тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында ерекше символға ие", — деді Назарбаев бейсенбіде Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығынан арналаған Салтанатты жиын барысында. 

Ширек ғасырда ел экономикасының 20 есеге өскенін атап өткен ол, "дүниежүзінде жиі айтылып жатқан экономикалық ғажайыптың мәні анағұрлым тереңірек" екенін айтты. Сәтті жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің жаңа классын үлгі келтірді: елде бүгінгі таңда жалпы ұлттық байлықтың үштен бірін өндіріп отырған 1,3 миллион құрылым әрекет етеді. 

"Дүниежүзілік банктің рейтингі бойынша Қазақстан бір жыл ішінде 51-ші орыннан 35-ші орынға секірді. Экономиканың тиімді үлгісін жасады. Бізде коммуникация, өндіріс, көлік, электр берудің бірыңғай жүйесі болған емес. Біз оны тәуелсіздік жылдары жасадық", — деді президент. 

Бұрын, 90 жылдары өз бетімен ештеңе өндірмеген Қазақстан бүгінде әлемнің 119 еліне 2,5 мыңға жуық тауарды экспорттайды. Ал экспорт көлемі 50 мың миллиард долларды құрайды. 


Жаңалықтар
0