00:28 29 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Бақытжан Сағынтаев

Сағынтаев: инфляцияны ұстап, қаражатты игеріңдер

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
22 0 0

Қазақстан премьер-министрінің пікірінше, биыл 11 ай ішіндегі елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жаман емес – енді атқарушы органдар осы жылдың қорытындысы бойынша жетістіктерді баянды етуі тиіс.

АСТАНА, 20 жел — Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев республика атқарушы билігінің барлық тармақтарына қойылатын басты талап жыл соңына дейін инфляцияны ұстап, бюджеттен бөлінген қаражатты толықтай игеру деп санайды.

"Өткен жолы инфляция бойынша 6-8% деңгейді ұстап тұру жайында айтқанбыз, 11-айда бұл талапты орындай алмадық, сол себепті аймақ әкімдеріне тағы бір рет айтарым, желтоқсан айында инфляция мөлшерін 6-8% деңгейде ұстауымыз керек. Жұмысымызды жалғастыра береміз", — деді Сағынтаев сейсенбі күні үкімет отырысында.

Бақытжан Сағынтаев
© Foto: Служба центральных коммуникаций

Алға қойған мақсаттарға жету үшін, премьер-министрдің пікірінше, әр түрлі бағдарламаларға бюджеттен бөлінген қаражатты тиімді игеру қажет. "Бұл, әсіресе, "Нұрлы жол" бағдарламасына қатысты – өңірлерге бөлінген қаражатты пайдаға асыру керек. Және, Бақыт Тұрлыханұлы, орталық атқарушы органдар бойынша қадағалауға тиіспіз", — деп Сағынтаев қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа айтты.

Басты тақырыптар