00:26 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
Бұрғылау қондырғысы

Иран Қазақстанда геологиялық барлау жасауға мүдделі

РИА Новости
Экономика
Қысқа сілтеме алу
12 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Иранның экономикалық мүдделерін атады

АСТАНА, 22 жел  - Sputnik. Иран Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге мүдделі, деп хабарлады бейсенбіде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 

Бейсенбіде, Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханидің Қазақстанға ресми сапары аясында баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемені жариялау кезінде Қазақстан басшысы тау-кен  металлургия саласында да өзара тиімді  ынтымақтастықтың орнап жатқанын баса айтты.

"Қарағанды облысында мыс кен орнын игеру иран компанияларымен бірге қолға алынуда. Иран тарабы Қазақстан аумағында геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүдделі. Біз оны қолдаймыз", — деді Назарбаев.    

Мемлекет басшысы Иран біздің өңіріміздегі жақын көршіміз, сенімді әріптесіміз болып саналатындығын да баса айтты.

"Біз ешқашан, тіпті Иран төңірегінде санкциялар болып жатқан кезде де байланысымызды үзген жоқпыз. Ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздердің екі раундын Алматыда өткізіп, қолымыздан келгенше көмегімізді бердік", — деді елбасы.

Басты тақырыптар