Экономика

Қазақстан мен Иран астаналарын әуе қатынасымен байланыстыруды жоспарлап отыр

© pixabay/gustavmelin0Ұшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір Қазақстанда аптасына үш рет Алматы-Тегеран рейсі қатынайды

АСТАНА, 22 жел  - Sputnik. Қазақстан және Иран Астана мен Тегеран  арасында жүйелі әуе қатынасын орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлады бейсенбіде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 

Иран президенті  Хасан Роуханидің Қазақстанға сапары - Sputnik Қазақстан
Саясат
Роухани Назарбаевқа ИИР-ның санкциядан босатылуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты

Бейсенбіде, Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханидің Қазақстанға ресми сапары аясында баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемені жариялау кезінде Қазақстан басшысы оның Иранға сапарынан кейін осы жылғы көктемде Алматы-Тегеран әуе рейсі іске қосылғанын еске салды.

"Қазір оның толуы 60 пайызға жетіп отыр. Ендігі жылы Теһран-Астана арасында әуе жолы қатынасын жасаймыз", — деді Назарбаев. 

Сондай-ақ, оның сөзіне қарағанда, "виза режимін оңтайландыру, өзара туризмді ынталандыру үшін нақты шараларды қабылдауға келіскенін". 

"Оған кесірін тигізіп отырған екі елдің банктері арасындағы есеп айырысу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ", — деп атап өтті ол. 


Жаңалықтар
0