10:48 28 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Жуковский халықаралық әуежайы

"Уральские авиалинии" "Жуковскийден" Астана мен Алматыға ұшатын болады

© Sputnik / Илья Питалев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
7 0 0

Мәскеу түбіндегі "Жуковский" әуежайынан Қазақстанға рейстер қашан жіберілетіндігі әлі белгісіз.

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. Қазақстанның авиация билігі Мәскеу түбіндегі "Жуковский" әуежайынан Астана мен Алматыға "Уральские авиалинии" рейстерінің жіберілуін қабылдады деп хабарлайды РИА Новости агенттігі РФ транспорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның авиация билігі Ресей Федерациясының авиация билігіне "Уральские авиалинии" әуе компаниясының "Жуковский" — Астана және "Жуковский" — Алматы бағыттарын қабылдайтындығы туралы мәлімдеді. Ұзаққа созылған келіссөздер нәтижесінде осындай келісімге қол жеткізілді", — деп хабарлады ведомство.

Ведомство мәліметіне сәйкес, аталған бағыттар бойынша екі әуе тасымалдаушысы аптасына жеті рейс жібере алатындығы атап көрсетілген.

Басты тақырыптар