16:14 21 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Союз МС-02

Қазақстан мен Ресей "Байқоңырдағы" ынтымақтастық туралы тұжырымға қол қойды

© Sputnik / Алексей Филиппов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
11 0 0

Санкт-Петербургте "Байқоңыр" кешенінде келешектегі ынтымақтастық тұжырымдамасына қол қойды

АСТАНА, 26 жел – Sputnik. Санкт-Петербург қаласында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин "Байқоңыр" кешенінде келешектегі ынтымақтастық тұжырымдамасына қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.  

Тұжырымдама Қазақстан мен Ресей президенттерінің "Байқоңыр" кешеніндегі ынтымақтастықтың перспективаларын пысықтау туралы уағдаластықтарына сәйкес әзірленді және 2050 жылға дейін есептелінген.

Тұжырымдама жалға алу қатынастарын жалғастыру аясында Тараптардың бірлесіп Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының инфрақұрылымын дамыту (жетілдіру), инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғын үй салу, туризмді дамыту, шаруашылық қатынастардың жаңа нысандарын сіндіру туралы уағдаластығын бекітеді. Бірақ бастысы – бұл ғарыш айлағының қолданыстағы инфрақұрылымының негізінде жаңа бірлескен ғарыштық жобаларды және ең алдымен «Бәйтерек» жобасын іске асыру.

Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде ұзақ мерзімге арналған Байқоңыр қаласының дамуының бірлескен бағдарламасын құрастыру болжалуда.