Экономика

Су-30СМ жойғыштар партиясы Қазақстанға әкелінді

© Sputnik / Георгий Зимарев / Медиабанкке өту4++ үлгідегі СУ-30СМ жойғышы
4++ үлгідегі СУ-30СМ жойғышы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейден алынған көп мақсатты жойғыштар партиясы Қазақстанның әскери авиациясы қару-жарағын толықтырды

АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Қарулы Күштердің жауынгерлік құрамы 4++ үлгідегі СУ-30СМ заманауи көп функционалды жойғыштарының кезекті партиясымен толықты деп хабарлайды Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Өзінің ұшу және тактика-техникалық сипаттамалары бойынша бүгінгі таңда әлемдік ғылыми-техникалық ілгерілеудің шыңында әуе құрастыру саласындағы бесінші үлгідегі ұшақтарға шындап жақындатылған. 

© Photo : Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі4++ үлгідегі СУ-30СМ жойғышы
4++ үлгідегі СУ-30СМ жойғышы - Sputnik Қазақстан
1/3
4++ үлгідегі СУ-30СМ жойғышы
© Photo : Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі4++ үлгідегі СУ-30СМ жойғышы
4++ үлгідегі СУ-30СМ жойғышы - Sputnik Қазақстан
2/3
4++ үлгідегі СУ-30СМ жойғышы
© Photo : Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі4++ үлгідегі СУ-30СМ жойғышы
3/3
4++ үлгідегі СУ-30СМ жойғышы
1/3
4++ үлгідегі СУ-30СМ жойғышы
2/3
4++ үлгідегі СУ-30СМ жойғышы
3/3
4++ үлгідегі СУ-30СМ жойғышы

Ұшақ қарсыластың ақпараттық және атыспен қарсы іс-қимыл жасау жағдайында тәулік бойы, кез келген ауа райында базадан едәуір қашықтықта жауынгерлік тапсырмалардың кең спектрін орындауға қабілетті. Су-30СМ әуе нысаналарын, сондай-ақ, жерүсті және суүсті объектілерді жою бойынша тапсырмаларды шешеді. Қару-жарақтың кең түрімен және борттық радиоэлектронды құрылғының заманауи кешенімен жабдықталған. 

Су-33 - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Әубәкіров Су-33 оқиғасы туралы: жойғышты қондыру – үлкен өнер

"Аталмыш жойғышты ойдағыдай меңгеру үшін техниканың қыр-сырын жақсы біліп, ұдайы өзін-өзі жетілдіріп отыру қажет. Бір жарым жыл ішінде ұшқыштар аталған ұшақты сәтті игерді. Бұған дәлел ретінде бірқатар оқу-жаттығуларға қатысуын атап өтуге болады. Су жаңа авиациялық техниканың жеткізілуі жалпы алғанда, Қазақстан Қарулы Күштерінің ұшулар қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді", — деп авиациялық база командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Теміртас Ыбыраев атап өтті. 

Су-30СМ ұшақтарының алғашқы партиясы Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына 2015 жылы бұдан бұрын Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволарының басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластық шеңберінде келіп түскенін естеріңізге сала кетейік.

Жаңалықтар
0