10:52 28 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Александр Лукашенко

Белоруссия СІМ: Лукашенко ЕАЭО Кедендік кодексіне қол қойған жоқ

© Sputnik / Сергей Гунеев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
15 0 0

Минскінің Кедендік кодекстің өзіне емес, сол жөнінде келіссөздер жүргізу туралы жарлыққа қол қоюы, Беларусь ішкі саясат ведомствосының пікірінше, қалыпты жайт

АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Белоруссия президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексіне қол қойған жоқ, жобасын ғана қолдады деп мәлімдеді ақпарат басқармасының басшысы, Белоруссия СІМ баспасөз хатшысы Дмитрий Мирончик.

Жоба келіссөздерге негіз ретінде алынды, оны Беларустің мемлекеттік кедендік комитеті жүргізетін болады. Лукашенко МКК-ке қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берді. Сонымен қатар, жоба аясында мәмілеге қол жетсе, келісімге қол қоюды тапсырды.

"Бірқатар БАҚ бұл жаңалықты дұрыс жеткізген жоқ. Кедендік кодекске емес, келіссөздер жүргізу туралы жарлыққа қол қойылды", — деп Мирончиктің сөзін дәйек ретінде келтіреді Sputnik Беларусь

Мирончиктің сөзіне сүйенсек, келісімнің жобасы жөнінде негізгі мәселелер алдын ала реттеледі, бірақ қол қойылғанға дейін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Беларусь Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Санкт-Петербургте өткен отырысына қатысқан жоқ. Сол отырыста Кедендік кодекске қол қойылған болатын. 

Басты тақырыптар