10:45 28 Мамыр 2017
Тікелей эфир
пойыз

ҚТЖ Қазақстанда жолаушылар пойыздарының артуына дайын

© Foto: пресс-служба АО "НК "КТЖ"
Экономика
Қысқа сілтеме алу
26 0 0

Ауа райының нашарлауына байланысты ұлттық компания өткен жылдың соңына бастап ел ішінде жолаушыларды үздіксіз тасымалды мақсатында пойыздардағы орындарды арттыруда

АСТАНА, 9 қаң – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаев  қосымша тіркемелерді іске асыру үшін  жолаушы вагондарының толық резервін қолдану жайында тапсырма берді. 

Дүйсенбі күні  "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаев  қыс мезгілінде теміржол көлігінің жүрісі мен жолаушы тасымалын қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ету жайында селекторлық жиналыс өткізді. 

Қыс басталғалы бері ауа райының ауытқушылығы Қазақстанның барлық аймақтарында төтенше жағдай тудырды.

 Қар көшкіні, бұрқасын, қатты жел, ауа райының кенет өзгеруі, көктайғақ  күрделі көлік мәселесіне әкеліп соқты. Бірнеше ұшақ сапарлары кейінге шегеріліп, көлік жоларналары жабылды. Желтоқсан айы ішінде республикалық маңызы бар 156 жолдың жабылу оқиғасы орын алды. Биылғы жаңа жылдың 5 күнінде 50 рет көлік қозғалысы шектелді. 

Қолайсыз ауа райында темір жолға балама жоқ 

Кейбір жол телімдерінде ондаған көлік, жүздеген адам қар тұтқынына айналды. Ауа райының күрделі жағдайында темір жол қозғалысы бірқалыпты жұмыс істеді. Бұл кезеңде пойыз көліктің ең қолжетімді және қолайлы түрі болып, жолаушылар ағынының едәуір өсіміне әкелді. Жолаушылар саны жаңа жылдық мерекелер кезінде анағұрлым өсті.  Ауа райының күрделі жағдайында теміржол кешенінің қалыпты қызметін қамтамасыз етуіне "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ көп көңіл бөледі.

"Барлық қызметтер күшейтілген, айрықша жұмыс тәртібіне көшірілді. Қауіпсіз және үздіксіз тасымалды қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қолданылуда" –  деп хабарлады Алпысбаев.

Тасымалдауда жолаушылар вагондарының барлық жиынтығы іске қосылды. 

Пойыздардың кедергісіз жүріп тұруы үшін тәулік бойы темір жолдарда қар тазалау шаралары жүргізілуде.

"Қар сұрапылын жою аясында тәулік сайын 2 мыңнан астам жол монтерлері жұмыс істеді. Желтоқсаннан қазіргі уақытқа дейін  72 мыңнан астам жол монтерлері мен мыңнан астам өзге бөлімшелердің теміржолшылары дамылсыз жұмыс істеді.  Қар жинайтын және қар тазалайтын техникалар қолданылды. Олар 2000 мың рет сапар жасап, тәулігіне орташа есеппен алғанда 50 рет жолға шықты", – деп хабарлады "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ филиалы – "Магистральдық  желі дирекциясы" жетекшісі Жарас Ізғұлов.

Жалпы есеппен 746 мың текше метр қар шығарылып, 81 мың км теміржол тазаланды. Селекторлық жиналыс кезінде Ақмола, Қарағанды, Павлодар жол бөлімшелерінің жетекшілері ауа райының күрделі жағдайында тасымалды қамтамасыз ету бағытында қолданылып жатқан шаралар туралы мәлімдеді.

Қаңтар "ыстық" болмақ

 "Желтоқсанның соңғы он күнінде және қаңтардың басында көбінесе ұзын құрамды жолаушылар пойыздары жұмыс істеді. 44 жолаушылар пойыздардың құрамына қосымша  500 вагон, кейбір күндері тіпті 7200 орын сыйымдылығы бар 80-ге жуық қосымша вагондар тіркелді", – деп айтып өтті "Жолаушылар тасымалы" АҚ президенті Нұрдаулет Қилыбай.

4774 орын сыйымдылығы бар 6 бағытта қосымша жолаушы пойыздары қосылды.  

Сонымен қоса 1484 орны бар Астана – Көкшетау және Астана – Қарағанды бағыттары бойынша жаңа 4 электропойыз жіберілді. Астана – Павлодар бағытындағы  электропойыздың жүру мерзімділігі артты. Желтоқсан айында бұл электропойыз 2 рет емес, 5 рет жүрді. Жоларна жабылу мен ұшақ сапарларының іркілісі кезінде шұғыл жайдайда шаралар қолданып, барлық жолаушылардың тасымалдауын қамтамасыз етті. 

Қилыбайдың айтуынша, 50 мыңнан астам жолаушы қар құрсауынан шығарылған. Өткен жылдың желтоқсанында 2 млн астам жолаушы тасымалданыпты. (Бұл 2015 жылдың көрсеткішіне қарағанда 100 мың адамға көп).

Тиісті шаралар сонымен қатар Астана, Бурабай, Қарағанды теміржол вокзалдарында да қолданылды. Барлық жолаушыларға пойыздар қозғалысының ұйымастырылуына қатысты ақпараттар анықтама бюросы, анықтама табло, дауыс байланысы арқылы хабарланған. Күту залында қосымша орындар қосылып, қосымша үй-жайлар бөлініп, қоғамдық тамақтандыру, сауда орындары мен балалары бар жолаушыларға арнайы бөлмелердің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтасыз етті. 

 

Басты тақырыптар