Экономика

Дүниежүзілік банк әлемдік ЖІӨ өсімі бойынша болжамды 0,1 п.п төмендетті

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуДоллары
Доллары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2016 жыл әлемдік экономикада ең ауыр жылдардың бірі болып, Дүниежүзілік банктің болжамынан ЖІӨ-нің төмен өсімін көрсетті

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Дүниежүзілік банк әлемдік экономика өсімінің 2017-2018 жылдарға арналған болжамын өткен жылғы маусымда жасалған бағалаумен салыстырғанда 0,1 пайыздық пунктіге төмендетті, деп жазады РИА Новости Дүниежүзілік банкінің Global Economic Prospects жүйелі баяндамасына сілтеме жасай отырып. 

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан экномикасының өсуі 2016 жылы 1%-ды құрады

"2017 жылы 2,7%-ға (әлемдік өсімге) оралу күтіледі. Дамып келе жатқан нарықтар мен дамушы елдердегі өсім, күтіліп отырғандай, 2017 жылы жалғасатын болады", — делінген баяндамада. 

2019 жылы дүниежүзілік ЖІӨ-нің өсімі, Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес, 2,9%-ды құрайды. 2016 жылы әлемдік ЖІӨ 2,3%-ға, яғни 1 пайыздық пунктіге өсті. Бұл банктің маусымдағы болжамынан төмен. 

Дүниежүзілік банктің атап өтуінше, өткен жыл әлемдік экономикада ең ауыр жылдардың бірі болған. 


Жаңалықтар
0