Экономика

Илон Макс Қазақстанға ЭКСПО-2017 көрмесіне келуі мүмкін

© AP Photo / Marcio Jose SanchezИлон Маск
Илон Маск - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал өнертапқыш Илон Макс Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырылды, деп хабарлайды Украинаның Қазақстандағы іс бойынша уақытша сенімді өкілі Владимир Джиджора

АСТАНА, 2 ақп — Sputnik.  ЭКСПО-2017 көрмесіне танымал өнертапқыш, Tesla бас директоры Илон Макстың келуі туралы келіссөздер  жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Украинаның Қазақстандағы іс бойынша уақытша сенімді өкілі Владимир Джиджора. 

"Кішкентай сыр, бұл енді құпия емес дерлік: Макс мырзаның осында келуі туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондықтан егер бәрі ойдағыдай болса, онымен көрмеде тілдесуге мүмкіндіктеріңіз бар", —  деді Джиджора Астанда бейсенбіде өткен брифинг барысында. 

Джиджора бұл сапардың қашан болатынан айтуға қиналып, көрмені ұйымдастырушылардың сұрауға кеңес берді.  

"Біздің алдыңғы қатарлы топтар келген кезде жұмыс консультацияларға қатыстым. Мен, "Болашақ энергиясы қазір алдыңғы қатарлы технологияларсыз мүмкін емес, сіздер (Илон Макстың келуін – ред) жоспарлап отырсыздар ма?, — деп сұрадым. Иә, біз Илон Макспен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, оның  спикер ретінде белгілі бір кезеңде келіп, көрмеге қатысушылар мен қонақтар алдында сөз сөйлейді деп күтіп отырмыз, — дейді", — деп қосты дипломат. 

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Sputnik Қазақстанға бұл ақпаратқа қатысты түсінік бере алмайтынын хабарлады. 


Жаңалықтар
0