21:07 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Қуандық Бишімбаев

Бишімбаевқа 1 млрд теңге қымқырды деген күдік келтірілді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
6 0 0

Жемқорлыққа қарсы ведомство хабарлағандай, Қуандық Бишімбаев шыны зауытын салу барысында 1 млрд теңге қымқырды деген күдікке ілінді

АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа Қызылордадағы шыны зауытын салу кезінде 1 миллиард теңге қымқырды деген күдік келтірілді деп хабарлайды ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

"Бәйтерек ҰБХ" АҚ басқармасының төрағасы Бишімбаев Қ. Қызылорда қаласында табақ шыны өндіру және өңдеу зауытын салу кезінде 1 миллиард теңгені ведомствоға қарайтын "Orda Glass" ЖШС және оның мердігерлік ұйымы "Шымкентхиммонтаж" ЖШС арқылы жымқырудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған", — делінген хабарламада. 

Қылмыстық схемаға аталған ұйым басшылары Ибрашев Д., Исабек Ж. және Қожабаев М. жұмылдырылған. 

"Қымқырылған ақшалай қаражат "Завод строительных металлоконструкций" ЖШС үлестес компаниясы арқылы жұмысшылардың баспанасы мен тамағын қамтамасыз ету үшін деген сипатта қолма-қол ақша етіп алынып отырған. Көрсетілген сомадан Бишімбаевтың қолына немере туысы Нұрлыбек С. арқылы  2 миллион АҚШ доллары түскен", — деп мәлімет береді жемқорлыққа қарсы ведомство. 

Исабек, Қожабаев және Нұрлыбекке қарсы сот шешімімен қамауға алу шарасы қолданылды. Ибаршев айыбын мойындап, тергеуге жәрдемдескені үшін үй қамаққа алынды. Сот алды тергеу ісі жалғасуда. 

Басты тақырыптар