Экономика

ҚР премьері Кazakh Invest директорлар кеңесін басқарады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев
Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ағымдағы жылдың ақпан айында инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық компания Кazakh Invest құрылады

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев құрылып жатқан Кazakh Invest ұлттық компаниясының директорлар кеңесін басқарады, деп хабарлады ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев. 

"Осы ұлттық компанияның директорлар кеңесін премьер-министр басқарады деген шешім қабылданды. Директорлар кеңесінің мүшелері бейінді министрлер мен дербес шетелдік кеңесшілер болады", — деді Тұяқбаев үкіметте өткен брифинг барысында. Оның сөзіне қарағанда, жаңа ұлттық компанияның шет елдерде филиалдардың ауқымды желісі құрылып, олар Қазақстан аумағындағы жобаларға қатысуға мүдделі шетелдік инвесторларға "визалық қолдау көрсетуден бастап, кездесулер, келіссөздерді ұйымдастыру, рұқсат алуға қатысты" көмек көрсететін болады. 

Үкімет басшысы мен министрлердің директорлар кеңесіне кіруі шетелдік инвесторларға әртүрлі мәселелерді шешу мен құжаттарға қол қою үшін тікелей жүгінуге мүмкіндік береді. Инвестициялар және даму министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, ұлттық компания осы жылғы ақпанның соңына дейін құрылмақ. 


Жаңалықтар
0