Экономика

"Даму" қорының басқарма төрағасы тағайындалды

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтумемлекеттік қызметішінің портфелі
мемлекеттік қызметішінің портфелі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абай Сарқұлов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" басқарма төрағасы болды

АСТАНА, 27 ақп – Sputnik. Қазақстан Республикасының премьер-министрімен келісім бойынша "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасының шешімімен Абай Сарқұлов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ұлттық қордың баспасөз қызметі.

Хабарламаға сәйкес, Абай Сарқұловтың қаржы саласында 13 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. «Бәйтерек» холдингі компаниясының тобында 2008 жылдан қызмет етуде. 

Еңбек жолын инфрақұрылымдық жобаларға кредит беруді басқару менеджерінен бастаған ол соңғы уақытта "Қазақстанның даму банкі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.


Жаңалықтар
0