02:13 19 Тамыз 2017
Тікелей эфир
ЭКСПО-2017

ЭКСПО аумағындағы конструкцияның қирауына кімдер кінәлі екені белгілі болды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
110 0 0

Полиция ЭКСПО аумағындағы декоративтік конструкцияның құлауына кім кінәлі екендігін анықтады

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Дәнекерлеушілердің жұмысты дұрыс орындамауы салдарынан ЭКСПО аумағындағы декоративтік конструкция құлаған деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

"ЭКСПО аумағындағы конструкцияның құлау себептері туралы қорытынды шықты, енді шешім қабылдаймыз. Басында, бар мәселе металда деді. Бірақ металда еш ақау жоқ, дәнекерлеушілер дұрыс істемеген", — деді Қасымов сенаттың жалпы отырысынан соң тілшілерге.

Айта кетейік, 16 қарашада ЭКСПО аумағында екі павильон ғимараттарының арасындағы декоративті көпір конструкциясы құлаған болатын.

Басты тақырыптар