06:48 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
ақша

Ұлттық банк: БТА активтері проблемалық несиелер қорына берілуі тиіс

© Sputnik /
Экономика
Қысқа сілтеме алу
13 0 0

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков "Қазақстан Халық банкі" АҚ-тың «Казкоммерцбанк» АҚ-тың акциялар пакетін сатып алуы бойынша әлеуетті мәмілесіне түсініктеме берді

АСТАНА, 13 нау – Sputnik. "Халық банкінің "Казкоммерцбанк" АҚ-тың акцияларын сатып алу бойынша әлеуетті мәмілені іске асыру үшін Ұлттық Банктің және Халық банкінің тарапынан "Казкоммерцбанк" АҚ активтерінің сапасына бірлескен тәуелсіз тексеру жүргізу қажет. Әлеуетті мәміленің сандық өлшемдері алынған ақпаратты жария ашу арқылы тәуелсіз тексеру нәтижелерін алғаннан кейін айқындалатын болады, – Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков. 

"Казкоммерцбанк" АҚ-тың кредиттік портфелінің айтарлықтай үлесі (50%-дан астам) "БТА Банк" АҚ-тың міндеттемелерін білдіретініне баса назар аударды. Бұл ретте "БТА Банктің" активтері құнды қалпына келтірудің ұзақ аралығына ие активтерге жатады. Соның салдарынан, оларды "Казкоммерцбанк" АҚ-тың ұстап тұруы үшін қаржы ағындарының жеткілікті деңгейін қалыптастырмайды.

Сондықтан "Казкоммерцбанк" АҚ-тың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін, Смоляковтың айтуынша, бірінші кезеңде БТА Банктің активтерін "Казкоммерцбанк" АҚ- тан оқшаулау қажет. Бұл кезеңде "Проблемалық кредиттер қоры" оператор болып табылады. 

Офис Казкоммерцбанка в Алматы
© Foto: Официальная страница Казкоммерцбанка в соцсетях

Одан әрі бұл активтерді мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларының, оның ішінде өңірлік даму бағдарламаларының шеңберінде экономикалық айналымға тартуды қамтамасыз ету қажет. Осыған дейін Ұлттық Банктің ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ (ККБ) және оның ірі акционерлері, "Қазақстан Халық банкі" АҚ (Халық банкі) және "БТА Банк" АҚ (БТА Банк) арасындағы "Казкоммерцбанк" АҚ акциялар пакетін сатып алу бойынша әлеуетті мәміле туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғандығы туралы хабарлағанын еске саламыз.

"Казкоммерцбанк" АҚ ауқымды филиал желісі, заңды және жеке тұлғалардың үлкен клиенттік базасы, айтарлықтай депозиттік базасы және төлем және банкаралық нарықтарда едәуір үлесі бар Қазақстан Республикасының аса ірі жүйе құраушы банкі болып табылады. Ескерту: "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігіне берілген. Қор қызметінің негізгі мақсаты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталған шараларды іске асыру болып табылады.

"Проблемалық кредиттер қоры" АҚ қызметінің негізгі түрлері екінші деңгейдегі банктердің проблемалық кредиттерін сатып алу; екінші деңгейдегі банктердің сатып алынған активтерін басқару; өз қызметін қаржыландыру үшін борыштық бағалы қағаздарды шығару болып табылады.


Басты тақырыптар