Экономика

Транзиттік тасымалдаушылар Қазақстанда тексеруден қорықпайтын болады

© SputnikШекарадағы жүк көліктер
Шекарадағы жүк көліктер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Транзиттік тасымалды жеңілдететін ақпараттық жүйе пилотты режимде іске қосылды

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті "Сәтті сапар" ақпараттық жүйесін пилотты режимде енгізу жұмысын бастады деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Қазақстан темір жолы ҰҚ АҚ президенті  Қанат Алпысбаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Контейнерлік тасымалдар Қазақстанды байытады

Жүйе елдің транзитті-көліктік әлеуетін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында енгізілуде. Жүйенің мақсаты бетпе-бет кездесулерді болдырмау, жүктерді жеткізу мерзімін қысқарту, транзиттік тасымалдаушылар үшін әкімшілік кедергілерді жою, тасымалдаушыларға ыңғайлы жағдай жасау және жол бойында тексерістерді жиілетпеу.

Бүгінгі таңда жыл сайын Қазақстан Республикасы арқылы шамамен 80 мың транзиттік автокөліктік құралдары жүріп өтеді. Негізгі бағыттар: Қытай Халық Республикасы – Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттері, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Еуропа елдерінен келе жатқан транзитті жүктер.

Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік жүк тасымалдауды жоспарлап отырған тасымалдаушылар үшін жүйеге өз еркімен тіркелу ұсынылады.

Жүйеде мына мәселелер қамтылған:

  • Тасымалдаушы sattisapar.gov.kz веб-порталы арқылы Жүйеде өткізу бекеттерін, бағытын, рұқсаттама нөмірін және автокөліктік құрал туралы мәліметтерді көрсете отырып, жүріп өтетін жолын алдын-ала тіркейді.
  • Жүйе деректерді тексереді, бірегей нөмір меншіктейді, электронды түрде мәліметтерді тіркейді. Тасымалдаушы оның деректері енгізілген құжатты басып шығара алады.
  • Тасымалдаушыға көліктік бақылау органдарының қызметкеріне аталған құжатты көрсету жеткілікті және қажет болған жағдайда рұқсаттаманың транзиттік бланкін (халықаралық келісімдердің нормасына сәйкес) көрсетеді.
  • Көліктік бақылау органдарының қызметкерлері жүйе арқылы құжатта көрсетілген деректерді тексереді. Тасымалдаушымен деректер жүйеге дұрыс енгізілген жағдайда автөкөлік тексеріссіз жүріп өтеді және жүріп өткені туралы электронды белгі қойылады.

Қазір "Сәтті сапар" пилоттық режимде енгізілді және одан әрі экспортты-импортты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды тіркеу жоспарлануда.

Алдағы уақытта тасымалдаушыларға аталған жүйеде ұялы телефон арқылы электронды түрде қажетті рұқсаттаманы рәсімдеу мүмкіндігі ұсынылатын болады.

Жаңалықтар
0