14:52 27 Сәуір 2017
Тікелей эфир
Қырым

Туризм: Қырым қазақстандықтардың қызығушылығын тудырады

© Sputnik / Владимир Сергеев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
29 0 0

Қырым қазақстандықтардың қызығушылығын тудырып отыр, дегенмен жаппай сонда ағылып жатқан жұрт жоқ

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik.  Танымал Қырым курорты жағажайлық демалыс орны ретінде белгілі. Ол қазақстандықтардың да қызығушылығын тудырып отыр, дегенмен жаппай Қырымда демалығысы келетін жұрт жоқ. Мұның да өзіндік себептері бар.

Қайда демалуға болады: қазақстандықтарға виза қажет емес елдер
© Sputnik / Айдын Алдангаров, Айсулу Жумагулова

Қазақстан туристтік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенованың пікірінше, аға буын өкілдеріне жақсы таныс Қырым түбегінің туризм бағытында дамуына саясат мәселесі кедергі келтіріп отыр.   

"Қазір бұрыннан бері дәстүрге айналған демалыс орындары қайта жаңғырып жатыр. Қырым – табиғаты ерекше жер, өңірдің тарихы да жақсы сақталған. Кейбір ойыншыларымыз осы бағытты ұсынады. Былтырғы жылы бұл бағытты жарнамалап насихаттауға көп жұмыс істелді. Өкінішке орай, украин елшілігі тарабынан түсініспеушілікке тап болдық, неге бұлай болғанын өзіміз де түсінбедік", — деді Шайкенова Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.

Бірақ былтыр туристтік маусым ашылар алдында Украина елшілігі қазақстандық туроператорларға Қырымға Ресейден аттанатын жолдамаларды сатпаңдар деп ескерту жасады. Бұл талаптар орындалмаса, украин тарабы қазақстандықтарға Шенген визасын алуда қиындықтар туғызатын еді.

Әлбетте, туроператорлар да, халық та Қырымға демалысқа барудан жасқанып қалды. Дегенмен, Шайкенованың айтуынша, туризмге саясатты араластырмау қажет. 

"Барғысы келген қазақстандықтар логистиканы өздері таңдайды. Украина арқылы бара ма, Ресей арқылы жете ме өздері біледі, демалыс түрін, қонақ үйді де өздері таңдайды. Бұл адамдардың өз еркі. Бұл бағытқа жұрттың қызығушылық танытатыны анық, бірақ жаппай сонда аттанып жатыр деп айта алмаймыз", — деп атап өтті қауымдастық басшысы. 

Қазақстандық билік бұл мәселеде бейтарап ұстанымды ұстап отыр. СІМ мәлімдегендей, қазақстандықтар қай елге барғысы келсе де, өз еріктерінде. Сыртқы саясат ведомствосы басқадай түсініктеме бермейді

Үш жыл бұрын Ресей Қырымның өз аумағына қосылғандығын жариялады.Еуроодақ елдері бұл жайтты мойындамай, түбекті Украинаға тиесілі деп санайды. Дегенмен Еуропа тұрғындарының бір бөлігі Қырым Ресейдікі деген ойда. 

Мәселен, Sputnik.Пікір сауалнамасына сәйкес, немістер (36%)  мен италиялықтардың (34%) үштен бір бөлігі Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп санайды. Британдықтар (26%)  мен америкалықтардың (23%) төрттен бірі және сауалнамаға қатысқан француздардың бестен бірі (20%) сондай пікірде.

Немістерде көбінесе жастар, яғни 25 пен 34 жас арасында Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп санайды. Ал Францияда, керісінше, орта жастағы адамдар дәл сондай пікірді қолдайды – 55 пен 64 жас аралығындағы респонденттердің үштен бірі солай жауап беріпті.

Сонымен бірге, француздардың 48%-ы, немістердің 23%-ы, итальяндықтардың 34%-ы, британдықтардың 44%-ы және америкалықтардың 51%-ы Қырымның қай елге тиесілі екенін айта алмай қиналды.

Сауалнамаға Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, АҚШ-тан барлығы 5132 адам қатысты.

Сауалнама нәтижелері
© Sputnik/
Сауалнама нәтижелері

Басты тақырыптар