Экономика

Қанша металлург жұмыстан шығарылды: екі министрлік көрсеткіші бір-біріне сәйкес емес

© SputnikМеталлург
Металлург - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР ұлттық экономика министрлігі ақпаратына негізделген Finprom.kz дерегі бойынша, 2016 жылы металл өндіруші кәсіпорындарда жұмысшылар саны бес мың адамға қысқарған. Ал инвестиция және даму министрлігіне сүйенсек, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Finprom.kz сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның тау-кен кәсіпорындарында кең көлемде қысқартулар жүргізілуде – бір жыл ішінде металлургтер саны бес мың адамға төмендеді, ал осы секторда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар екі есе азайды.

Статистика – анық емес

Алайда ҚР инвестиция және даму министрлігі Finprom.kz порталының бұл сарапатамасы туралы естімепті де. Ал естіген кезде, кәдімгідей ашуланып қалды.

"Finprom.kz порталының тау-кен кәсіпорындарынан бес мың жұмысшының қысқарғаны туралы ақпараты шындыққа жанаспайды", — деп жазды инвестиция және даму вице-министрі Алик Айдарбаев Sputnik Қазақстан сауалына берген ресми жауабында. 

Бірінші вице-министр айтып өткендей, 2010-2016 жылдары тау-кен өндіру саласындағы жұмысшылар саны 193,7 мыңнан 290,1 мыңға дейін көбейген. "Осылайша, жұмысшылар санының өсуі 96,4 мың адамды құрады, яғни Finprom.kz  порталының ақпараты шынайы көрсеткіштерге сәйкес келмейді".

Қашаған мұнай кен орны - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан Қашаған кен орнынан қанша мұнай алуды көздейді

Айта кетсек, Айдарбаев берген жауабында Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің деректеріне сүйенеді, алайда жауабында көңілге қонымды көрсеткіштер ғана аталған. 

"Тау-кен саласындағы қиындықтарға қарамастан, тұрғылықты өсім байқалады", — деп жазады Айдарбаев. 

Радостовец тау-кен саласындағы ахуал туралы

2016 жылғы тау-кен саласындағы ахуал мен жұмысшылардың қысқаруы туралы сауалға Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығының (ТМКҚ) атқарушы директоры Николай Радостовецтің берген жауабы тіпті қызық.

"Бұл көрсеткіштерді қайдан алғансыздар? – деп таңданды Радостовец. – Менің білуімше, Қауымдастыққа кіретін кәсіпорындарда жұмысшылар қысқарған жоқ".

Зауыт - Sputnik Қазақстан
Экономика
Made in Kazakhstan: Қытай Қазақстанда өндіріс ашады

Қауымдастықтың ресми сайтында ҚР ИДМ деректеріне сілтеме жасай отырып, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары бойынша, " аутсорсинг, аутстаффинг схемалары аясында, өз еркімен жұмыстан кету және зейнеткерлікке шығу себептерімен АМТ құрыш департаментінен 2448 адам, "Өркеннен" 166 адам қысқарды" деп жазылғандығын еске салғанымызбен, Радостовецтен тұшымды жауап ала алмадық.

"Хм… Сауалдар тізімін баспасөз қызметіне беріңіз, жалпы, сол арқылы байланысыңыз. Сау болыңыз", — деп тұтқаны қоя салды. 

Ал ТМКҚ баспасөз қызметі бұл мәселелер қауымдастық құзіретінде емес деп қысқа қайырды….

Жаңалықтар
0