Экономика

"СК-Фармация" бір миллиардтан теңгеден астам айыппұл төледі

© Public DomainҚұжаттар
Құжаттар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айыппұл монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін төленген

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. "СК-Фармация" ЖШС монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 1,3 млр. теңге мөлшерінде айыппұл төледі деп хабарлайды ҚР ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"СК-Фармация" компаниясына 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға жүргізілген тергеудің қорытындысы бойынша "СК-Фармация" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын. 

Тергеу кезінде "СК-Фармация" ЖШС 2010 жыл мен 2015 жыл аралығында тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында дәрі-дәрмектер мен медицинада пайдаланылатын құралдарды сақтау және тасымалдау қызметін сатып алуды бір лотпен өткізген, осылайша "СТОФАРМ" ЖШС осы қызметтердің монополисі ретінде жасағаны анықталды.  

"Соттың "СК-Фармацияға" салған айыппұл сомасы шамамен 1,3 миллиард теңгені құрады. 2017 жылғы 16 наурызда "СК-Фармация" ЖШС әкімшілік айыппұлды мемлекеттің бюджетіне толық көлемде төледі", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.  

Жаңалықтар
0